Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Орауыш құрамы
- Мазмұны
- Мәзірлер тізімі
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамерамен танысу
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Техникалық ескертпелер
- Фотокамераға және батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары
- Техникалық сипаттамалары
- Рұқсат етілген жад карталары
- Батареяның қызмет көрсету мерзімі
- NIKKOR Z DX 16–50 мм f/3.5–6.3 VR объективі
- NIKKOR Z DX 50–250 мм f/4.5–6.3 VR объективі
- Ескертпелер
- Bluetooth және Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі)
- Сауда белгілері мен лицензиялар
- Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі
xiii
• Тек көрсетілгендей зарядтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне,
жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
• Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз жəне
дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
Əрекетті кешіктіру көз жарақаттарына əкелуі мүмкін.
• Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз.
Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар сығымдалмаған
ортада ағып кетуі, қызып ке
туі, жарылуы нем
есе өртенуі мүмкін.
ЕСКЕРТУ (Батареялар)
• Батареяларды балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
Бала батареяны жұтып қойса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.
• Батареяларды үй жануарларынан жəне басқа жануарлардан аулақ
ұстаңыз.
Жануарлар тістесе, шайнаса немесе басқалай зақымдаса, батареялар ағуы,
қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін.
• Батареяларды суға батырмаңыз немесе оларға жаңбыр əсерін
тигізбеңіз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
Ылғалданса, өнімді сүлгімен немесе ұқсас затпен дереу құрғатыңыз.
• Батареяларда өңсіздену неме
се пішін өзгеруі
сияқты кез келген
өзгерістерді байқасаңыз, пайдалануды дереу тоқтатыңыз. Көрсетілген
уақыт кезеңінде зарядталмаса, EN-EL25 қайта зарядталмалы
батареяларын зарядтауды тоқтатыңыз.
Бұл сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне,
жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.
• Батареялар керек болмаған кезде түйіспе тұстарды лентамен
оқшаулаңыз.
Түйіспе тұстарға металл заттар тисе, қызып кету, жарылу немесе өрт туынд
ауы
мүмкі
н.
• Егер батарея сұйықтығы адам терісіне немесе киімге тисе, əсер етілген
аумақты көп таза сумен дереу шайыңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау терінің тітіркенуіне əкелуі мүмкін.