САНДЫҚ ФОТОКАМЕРА Қолданушы нұсқаулығы (кепілдік бар) • Фотокамераны пайдалану алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз. • Фотокамераны дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін (x-бет) оқып шығыңыз. • Осы нұсқаулықты оқығаннан кейін болашақта анықтама алу үшін оңай қол жеткізуге болатын жерде сақтаңыз. Егжей-тегжейлі пайдалану туралы нұсқауларды алу үшін сканерлеңіз.
Орауыш құрамы Осында тізілген барлық заттар фотокамерамен бірге қоса берілгеніне көз жеткізіңіз.
Осы нұсқаулық туралы Таңбалар жəне шартты белгілер Қажет ақпаратты оңайырақ табу үшін келесі таңбалар мен шартты белгілер пайдаланылады: D Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат. A Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді. 0 Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне жасалған сілтемелерді белгілейді.
Мазмұны Орауыш құрамы........................................................................ ii Мəзірлер тізімі.......................................................................... vi Қауіпсіздік шаралары .............................................................. x Ескертпелер............................................................................ xiv Фотокамерамен танысу 1 Фотокамераның бөліктері....................................................... 1 Фотокамера корпусы....................
Техникалық ескертпелер 27 Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары ............................................................................27 Техникалық сипаттамалары .................................................32 Рұқсат етілген жад карталары ..............................................43 Батареяның қызмет көрсету мерзімі...................................44 NIKKOR Z DX 16–50 мм f/3.5–6.3 VR объективі ...................45 NIKKOR Z DX 50–250 мм f/4.5–6.3 VR объективі .........
Мəзірлер тізімі Фотокамера келесі мəзірлерді ұсынады.
MOVIE SHOOTING MENU (БЕЙНЕФИЛЬМ ТҮСІРУ МƏЗІРІ) Reset movie shooting menu (Бейнефильм түсіру мəзірін ысыру) File naming (Файл атаулары) Frame size/frame rate (Кадр өлшемі/ кадр жылдамдығы) Movie quality (Бейнефильм сапасы) Movie file type (Бейнефильм файлының түрі) ISO sensitivity settings (ISO сезімталдық параметрлері) White balance (Ақ түс балансы) Set Picture Control (Picture Control режимін орнату) Manage Picture Control (Picture Control режимін басқару) Active D-Lighting (Қосылған D-Lighting) High ISO N
CUSTOM SETTING MENU (ҚОЛДАНУШЫ ПАРАМЕТРЛЕРІНІҢ МƏЗІРІ) d Shooting/display (Суретке түсіру/ дисплей) CL mode shooting speed (CL d1 режимінде суретке түсіру жылдамдығы) Max. continuous release (Макс.
SETUP MENU (БАПТАУ МƏЗІРІ) Format memory card (Жад картасын пішімдеу) Save user settings (Қолданушы параметрлерін сақтау) Reset user settings (Қолданушы параметрлерін қалпына келтіру) Language (Тіл) Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күн) Monitor brightness (Монитор жарықтығы) Viewfinder brightness (Көріністапқыштың жарықтығы) Viewfinder color balance (Көріністапқыштың түс балансы) Information display (Ақпараттық дисплей) AF fine-tune (АФ дəл реттеу) Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін ке
Қауіпсіздік шаралары Мүлікті зақымдауды, я болмаса, өзіңізді немесе басқаларды жарақаттауды болдырмау үшін осы өнімді пайдалану алдында «Қауіпсіздік шаралары» бөлімін толығымен оқыңыз. Осы қауіпсіздік туралы нұсқауларды осы өнімді пайдаланатын адамдардың барлығы оқитын жерде сақтаңыз. ҚАУІП: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлім немесе ауыр жарақат қаупін тудырады. ЕСКЕРТУ: бұл белгішемен белгіленген сақтық шараларын қолданбау өлімге немесе ауыр жарақатқа əкелуі мүмкін.
• Объектив арқылы күнге немесе басқа қатты жарық көзіне тік қарамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау көру қабілетінің нашарлауына əкелуі мүмкін. • Жарқылды немесе АФ қосымша шамын моторлы көліктің жүргізушісіне бағыттамаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау сəтсіз жағдайларға əкелуі мүмкін. • Бұл өнімді балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін. Бұған қоса, кішкентай бөліктер шашалу қаупін тудыратынын ескеріңіз.
• Пайдалану тыйым салынған кезде бұл өнімді өшіріңіз. Сымсыз жабдықты пайдалануға тыйым салынған кезде сымсыз мүмкіндіктерді өшіріңіз. Бұл өнім тудыратын радиожиілікті сəулеленулер ұшақтағы, я болмаса, ауруханалардағы немесе басқа медициналық мекемелердегі жабдыққа кедергілер келтіруі мүмкін. • Бұл өнім ұзақ уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, батареяны алыңыз жəне айнымалы ток адаптерін ажыратыңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына əкелуі мүмкін.
• Тек көрсетілгендей зарядтаңыз. Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін. • Егер батарея сұйықтығы көздерге тисе, көп таза сумен шайыңыз жəне дереу медициналық көмекке жүгініңіз. Əрекетті кешіктіру көз жарақаттарына əкелуі мүмкін. • Авиакомпания қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыз. Жоғары альтитудаларда қараусыз қалдырылған батареялар сығымдалмаған ортада ағып кетуі, қызып кетуі, жарылуы немесе өртенуі мүмкін.
Ескертпелер • Nikon компаниясы осы өнімді • Осы өніммен бірге келген пайдаланудан болған қандай да бір нұсқаулықтардың ешбір бөлігін Nikon зақымға жауап бермейді. компаниясының жазбаша • Осы нұсқаулықтардағы мəліметтің рұқсатынсыз қандай да бір жолмен дұрыс жəне толық болуына бар күшқайта көшіруге, таратуға, қайта жігерімізді жұмсағанымызбен, қандай жазуға, іздеу жүйесінде сақтауға да бір қателерді немесе немесе кез-келген түрде басқа бір ескерілмеген тұстарды байқаған тілге аударуға рұқсат етілмейді.
Көшіруге немесе көбейтуге тыйым салуға қатысты ескерту Сканер, сандық фотокамера немесе өзге құрылғы көмегімен сандық тұрғыдан көшірілген немесе көбейтілген материалға иелік етудің өзі заң тарапынан қудалануы мүмкіндігін ескеріңіз. • Заң бойынша көшіруге немесе көбейтуге тыйым салынған нəрселер «Үлгі» деген таңбасы болғанның өзінде қағаз ақшаның, тиындардың, құнды қағаздардың, үкіметтік құнды қағаздардың немесе жергілікті үкіметтің құнды қағаздарының көшірмесін немесе көбейтілген нұсқаларын жасамаңыз.
Nikon сауда белгісінің электронды керек-жарақтарын ғана қолданыңыз Nikon фотокамералары ең жоғарғы стандарттарға сай жасалған жəне күрделі электрондық схемаларды қамтиды.
Фотокамерамен танысу Фотокамераның басқару элементтерінің жəне дисплейлерінің атауларымен жəне функцияларымен танысуға бірнеше минут бөліңіз. Осы бөлімге бетбелгі қою жəне нұсқаулықтың өзге бөлімдерін оқу барысында оған қарап тұру пайдалы болуы мүмкін. Фотокамераның бөліктері Фотокамераның басқару элементтерінің жəне дисплейлерінің атауларын жəне орындарын осы бөлімде қараңыз. Фотокамера корпусы 2 5 6 7 8 1 4 3 1 9 13 12 1 Фотокамера бауына арналған тесік ...........................................
Фотокамера корпусы (жалғасы) 1 2 3 4 8 9 5 10 11 7 6 12 1 АФ қосымша шамы..................... 20 Қызыл көз əсерін азайту шамы Өздігінен түсіруді реттейтін таймер шамы 2 Кірістірілген жарқыл 3 Жарқылдың шығуын басқару тетігі 4 Микрофон жалғағышының қақпағы 5 USB жəне HDMI үшін қақпақ жалғағыштар 2 Фотокамерамен танысу 6 Объективті бекіту таңбасы ........ 15 7 Кескін сенсоры 8 Сыртқы микрофонға арналған жалғағыш 9 USB жалғағыш 10 Зарядтау шамы 11 HDMI жалғағышы 12 Корпус қақпағы ................
12 3 4 5 6 7 8 9 17 1 2 3 4 5 6 7 8 9 16 15 14 Монитор режимі түймешігі Көріністапқыш окуляры Көріністапқыш Көз сенсоры Диоптрияны реттеу тетігі A (L) түймешігі J түймешігі ...................................8 Мульти селектор...........................8 Жад картасына қатынасу шамы..........................................21 13 12 11 10 10 11 12 13 14 15 16 17 G түймешігі ........................... vi, 7 O түймешігі ..................................26 K түймешігі .................................
Фотокамера корпусы (жалғасы) 6 7 1 8 2 3 4 9 5 10 11 Қосымша басқару дискі Fn1 түймешігі Fn2 түймешігі Батарея бөлімі қақпағының ілмегі .......................................... 11 5 Батарея бөлімінің қақпағы ......... 11 6 Объектив жиектемесі ................. 15 1 2 3 4 4 Фотокамерамен танысу 7 8 9 10 11 Объективті босату түймешігі ..... 16 Микропроцессор түйіспелері Штатив ұяшығы Батарея ілмегі............................. 11 Жад картасының ұяшығы ..........
Монитор жəне көріністапқыш Əдепкі параметрлерде, фотосурет режимінде монитор мен көріністапқышта келесі индикаторлар көрінеді. Монитор Көріністапқыш 21 23 24 3 4 5 6 7 8 10 9 1 23456 7 8 26 25 24 23 22 21 20 19 18 17 16 15 14 9 10 11 12 26 2 19 13 20 1 22 18 17 12 16 15 14 13 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 Суретке түсіру режимі Фокустау нүктесі .........................
17 18 19 20 21 Апертура Ысырма жылдамдығы Нысанды бақылау Өлшеу Батарея индикаторы .................. 13 22 Ысырма түрі 23 «Сағат орнатылмаған» индикаторы 24 Оптикалық ДА индикаторы 25 Түртумен суретке түсіру 26 АФ аумағының жақшалары Бейнефильм режимінде келесі элементтер көрінеді. Монитор Көріністапқыш 1 1 24 2 3 4 8 7 6 5 6 1 Жазу индикаторы ....................... 22 Жазу өшірілген ........................... 23 2 Кадр өлшемі жəне жылдамдығы)/ кескін сапасы 3 Қалған уақыт.......................
G түймешігі Мəзірлерді көру үшін G түймешігін басыңыз. 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1 2 3 4 5 6 7 8 9 D: Қарау мəзірі ............................ vi C: Фотосурет түсіру мəзірі ......... vi 1: Бейнефильм түсіру мəзірі ..... vii A: Қолданушы параметрлері мəзірі .......................................... vii B: Баптау мəзірі ............................ ix N: Өңдеу мəзірі............................ ix O/m: My Menu (Менің мəзірім) немесе соңғы параметрлер (əдепкі мəні My Menu (Менің мəзірім)) ......................
❚❚ Мəзірлерді пайдалану Мəзірлерді мульти селекторды жəне J түймешігін пайдаланып шарлауға болады. 1: Меңзерді жоғары жылжыту J: Белгіленген элементті таңдау 4: Болдырмау жəне алдыңғы мəзірге оралу 2: Белгіленген элементті таңдау немесе қосымша мəзірді көрсету 3: Меңзерді төмен жылжыту 1 Ағымдағы мəзірдің белгішесін белгілеңіз. Ағымдағы мəзірдің белгішесін белгілеу үшін 4 түймешігін басыңыз. 2 Мəзірді таңдаңыз. Қажетті мəзірді таңдау үшін 1 немесе 3 түймешігін басыңыз.
Алғашқы қадамдар Бірінші рет суреттер түсіру алдында осы тараудағы қадамдарды орындаңыз. Фотокамера бауын тағу Фотокамерамен бірге бау қамтамасыз етіледі; қосымша бауларды бөлек сатып алуға болады. Бауды фотокамераның тесіктеріне мықтап тағыңыз.
Батареяны зарядтау Батареяны жинақтағы зарядтау құрылғысы арқылы зарядтауға болады. D Батарея жəне зарядтау құрылғысы «Қауіпсіздік шаралары» (0 x) жəне «Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары» (0 27) бөлімдеріндегі ескертулер мен сақтық шараларын оқып, орындаңыз. Зарядтау құрылғысы Батареяны салыңыз жəне зарядтау құрылғысын розеткаға қосыңыз. Таусылған батарея шамамен 2 сағат 30 минут ішінде толығымен зарядталады.
Батареяны жəне жад картасын салу Батареяны немесе жад карталарын салу немесе алу алдында фотокамераның қуат ажыратқышы OFF (ӨШІРУЛІ) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Сарғылт батарея ілмегін бір жаққа басып тұру үшін батареяны пайдаланып, батареяны көрсетілген бағытта салыңыз. Батарея толығымен салынғанда ілмек батареяны орнында құлыптайды. Жад картасын көрсетілген бағытта ұстап тұрып, орнына «шырт» етіп түскенше тікелей ұяшыққа сырғытыңыз.
D Батареяны алу Батареяны алу үшін фотокамераны өшіріңіз жəне батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз. Батареяны босату үшін батарея ілмегін көрсеткімен көрсетілген бағытта басыңыз, содан кейін батареяны қолмен алыңыз. D Жад карталарын алу Жад картасына қатынасу шамы өшірулі екеніне көз жеткізгеннен кейін фотокамераны өшіріңіз, батарея бөлімінің қақпағын ашыңыз жəне шығару үшін картаны ішке басыңыз (q). Содан кейін картаны қолмен алуға болады (w).
Батарея зарядының деңгейі Батарея зарядының деңгейі фотокамера қосулы кезде түсіру режимінің дисплейінде көрсетіледі. Монитор Көріністапқыш • Батарея заряды деңгейінің дисплейі батарея зарядының деңгейі төмендеуі барысында өзгеріп отырады, L мəнінен K мəніне дейін жəне соңында H мəніне. Батарея зарядының деңгейі H күйіне түскенде суретке түсіруді уақытша тоқтатыңыз жəне батареяны зарядтаңыз немесе қосалқы батареяны дайындаңыз. • Егер «Shutter release disabled. Recharge battery.
D Жад карталары • Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ыстық болуы мүмкін. Жад карталарын фотокамерадан алу кезінде сақ болыңыз. • Жад карталарын фотокамераға салған немесе алған кезде фотокамераны өшіріңіз. Пішімдеу барысында немесе деректер жазылып, өшіріліп немесе компьютерге немесе басқа құрылғыға көшіріліп жатқан кезде, жад карталарын фотокамерадан алмаңыз, фотокамераны өшірмеңіз немесе батареяны шығармаңыз.
Объективті бекіту Фотокамераны Z бекіткіші бар объективтермен бірге пайдалануға болады. Объективтерді жалғау немесе алу алдында фотокамераның қуат ажыратқышы OFF (ӨШІРУЛІ) күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Объективті немесе корпус қақпағын алғанда фотокамераға шаңның кіруін болдырмаңыз жəне суреттер түсіру алдында объектив қақпағын алыңыз. Осы нұсқаулықта көрнекілік мақсатта негізінен NIKKOR Z DX 16–50 мм f/3.5–6.3 VR объективі пайдаланылады.
D F бекіткіші бар объективтер F бекіткіші бар объективтерді пайдалану алдында FTZ орнату адаптерін (бөлек сатылады) жалғаңыз. F бекіткіші бар объективтерді тікелей фотокамераға жалғауға əрекеттену объективті немесе кескін сенсорын зақымдауы мүмкін. D Объективтерді ажырату Объективтерді алу немесе ауыстыру кезінде фотокамераны өшіруді ұмытпаңыз. Объективті алу үшін объективті босату түймешігін (q) басып, ұстап тұрыңыз жəне объективті сағат тілі бағытында бұраңыз (w).
Фотокамераны қосыңыз Фотокамераны бірінші рет қосқанда сізден мульти селекторды жəне J түймешігін пайдаланып тілді таңдау сұралады. G түймешігін басыңыз жəне фотокамера сағатын орнату үшін мульти селекторды жəне J түймешігін пайдаланыңыз. Сағатты орнатқанша басқа əрекеттерді орындау мүмкін емес.
Негізгі фотосурет түсіру жəне ойнату Бұл тарауда фотосуреттерді түсіру жəне көру негіздері түсіндірілген. Фотосуреттер түсіру (b режимі) Параметрлердің көпшілігін суретке түсіру жағдайларына сай фотокамера басқаратын «бағытта да, түсір» автоматты режимі болып табылатын b (автоматты) режимінде фотосуреттер түсіру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1 Фотокамераны қосыңыз. Монитор жанады. 2 Фотосурет режимін таңдаңыз. Фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын C күйіне айналдырыңыз.
3 b режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз. Режимді таңдау дискі 4 Фотокамераны дайындаңыз. Қол тұтқасын оң қолыңызда жəне фотокамера корпусын немесе объективті сол қолыңызда ұстаңыз. Шынтақтарыңызды денеңіздің бүйірлеріне əкеліңіз.
5 Фотосуретті жақтауға алыңыз. Суретті нысан АФ аумағының жақшалары ішінде орналасатындай жақтауға алыңыз. АФ аумағының жақшалары 6 Фокустау үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. • Нысан қозғалыссыз болса, фотокамера фокустағанда фокустау нүктесі жасыл түспен көрсетіледі. Фотокамера фокустай алмаса, АФ аумағының жақшалары жыпылықтайды.
7 Суретке түсіріңіз. Фотосурет түсіру үшін ысырманы босату түймешігін ақырын соңына дейін басыңыз (сондай-ақ мониторды түрту арқылы фотосурет түсіруге болады: фокустау үшін нысанды түртіңіз жəне ысырманы босату үшін саусақты көтеріңіз). Жад картасына қатынасу шамы фотосурет жад картасына жазылып жатқанда жанып тұрады. Шам өшкенше жəне жазу аяқталғанға дейін жад картасын шығармаңыз немесе батареяны шығармаңыз.
Бейнефильмдер түсіру (b режимі) Сондай-ақ b (автоматты) режимін қарапайым, «бағытта да, түсір» режимінде бейнефильм жазу үшін пайдалануға болады. 1 Фотокамераны қосыңыз. Монитор жанады. 2 Бейнефильм режимін таңдаңыз. Фотосурет/бейнефильм ауыстырғышын 1 күйіне айналдырыңыз. Фотокамера бейнефильм режимінде болғанда кірістірілген жарқылды жəне қосымша жарқыл бөліктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз. 3 b режимін таңдаңыз. Режимді таңдау дискін b күйіне айналдырыңыз.
4 Жазуды бастаңыз. Жазуды бастау үшін бейнефильмді жазу түймешігін басыңыз. Жазу орындалып жатқанда фотокамера жазу индикаторын жəне қалған уақытты көрсетеді. Дисплейде нысанды нұқу арқылы фотокамераны жазу барысында кез келген уақытта қайта фокустауға болады. Дыбыс кірістірілген микрофон арқылы жазылады; жазу кезінде микрофонды жаппаңыз. Бейнефильмді жазу түймешігі Жазу индикаторы Қалған уақыт 5 Жазуды аяқтаңыз. Жазуды аяқтау үшін бейнефильмді жазу түймешігін қайта басыңыз.
Негізгі қарау Фотосуреттер мен бейнефильмдерді фотокамерада көруге болады. 1 K түймешігін басыңыз. Дисплейде сурет көрінеді. 2 Қосымша суреттерді көріңіз. Қосымша суреттерді көру үшін 4 немесе 2 түймешігін басыңыз. Мониторда суреттер көрсетілгенде дисплейде саусақты солға немесе оңға шерту арқылы басқа суреттерді көруге болады. Ойнатуды аяқтап, суретке түсіру режиміне оралу үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз. Бейнефильмдерді қарау Бейнефильмдер 1 белгішесі арқылы көрсетіледі.
Келесі əрекеттерді орындауға болады: Əрекет Кідірту Сипаттама Ойнатуды кідірту үшін 3 түймешігін басыңыз. Ойнату кідіртілген кезде немесе кері айналдыру/ Қарау ілгері айналдыру кезінде қарауды жалғастыру үшін J түймешігін басыңыз. Кері айналдыру үшін 4 түймешігін, ілгері айналдыру үшін 2 түймешігін басыңыз.
Қаламайтын суреттерді жою Ағымдағы суретті жою үшін O түймешігін басыңыз. Жойғаннан кейін суреттерді қалпына келтіру мүмкін емес екенін ескеріңіз. 1 Жойғыңыз келетін суретті көрсетіңіз. «Негізгі қарау» бөлімінде (0 24) сипатталғандай жойғыңыз келетін фотосуретті немесе бейнефильмді көрсетіңіз. 2 Суретті жойыңыз. O түймешігін басыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі; суретті жою жəне қарауға оралу үшін O түймешігін қайтадан басыңыз. Суретті жоймай шығу үшін K түймешігін басыңыз.
Техникалық ескертпелер Фотокамераға жəне батареяға күтім көрсету: сақтық шаралары Құлатып алмаңыз: қатты соққыға немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң-тозаңды баппен тазалау үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін таза сумен азғантай ылғалдандырылған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераны толығымен кептіріңіз. Объективтер, көріністапқыштар жəне басқа шыны элементтер оңай зақымдалады. Шаң-тозаңды ауа үргішпен ақырын кетіру керек.
Мониторға жəне көріністапқышқа қатысты ескертпелер: бұл дисплейлер өте жоғары дəлдікпен жасалған; нүктелерінің кемінде 99,99%-ы жұмыс істейді, 0,01%-дан көп емес бөлігі жетіспейді немесе ақаулы болып табылады. Сондықтан, бұл дисплейлердің құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе үнемі сөндірулі (қара) тұратын нүктелер бар болуы мүмкін болғанымен, бұл ақаулық емес жəне құрылғы жазатын кескіндерге əсер етпейді. Монитордағы кескіндерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.
• Пайдаланбаған кезде батареяны фотокамерадан немесе зарядтау құрылғысынан алыңыз жəне түйіспе тұс қақпағын орнына салыңыз. Бұл құрылғылар сөндірулі тұрған кезде де шамалы заряд алады жəне батареяның қуатын батарея жұмыс істемейтін болғанша азайтуы мүмкін. Егер батарея біраз уақыт бойы пайдаланылмайтын болса, фотокамерадан сақтау үшін алу алдында оны фотокамераға салыңыз жəне таусылғанша пайдаланыңыз.
• Батарея төмен температураларда зарядталса немесе зарядталған температурадан төмен температурада қолданылса, оның сыйымдылығы уақытша азаюы мүмкін. • Толық зарядталғаннан кейін батареяны зарядтай беру батареяның жұмысына əсер етуі мүмкін. • Бөлме температурасында пайдаланған кезде толық зарядталған батареяның белгілі бір уақыт ішінде тез азаюы оны ауыстыру қажеттігін білдіреді. Жаңа батарея сатып алыңыз. • Зарядтау құрылғысын үйлесімді батареялармен ғана пайдаланыңыз.
Техникалық сипаттамалары Nikon Z 50 сандық фотокамерасы Түрі Түрі Объектив жиектемесі Объектив Үйлесімді объективтер Тиімді нүктелер саны Тиімді нүктелер саны Кескін сенсоры Кескін сенсоры Жалпы нүктелер саны Тозаңды азайту жүйесі Сақтау Кескін өлшемі (нүктелер) Өзара ауыспалы объективтерді қолдау бар сандық фотокамера Nikon Z бекіткіші • Z бекіткіші бар NIKKOR объективтері • Орнату адаптері бар F бекіткіші бар NIKKOR объективтері; шектеулер қолданылуы мүмкін 20,9 миллион 23,5 × 15,7 мм CMOS сенсоры (Nikon
Сақтау Файл пішімі Picture Control жүйесі Тасушылар Файлдық жүйе Көріністапқыш Көріністапқыш Кадр ауқымы Ұлғайту Қарау нүктесі Диоптрияны реттеу Көз сенсоры Монитор Монитор • NEF (RAW): 12 немесе 14 бит • JPEG: сапалы (шамамен 1 : 4), қалыпты (шамамен 1 : 8) немесе негізгі (шамамен 1 : 16) сығымдалуы бар JPEG-Baseline үйлесімді • NEF (RAW) + JPEG: NEF (RAW) жəне JPEG пішімдерінің екеуінде де жазылған бір фотосурет Auto (Автоматты), Standard (Стандартты), Neutral (Бейтарап), Vivid (Жарқын), Monochrome (М
Ысырма Түрі Жылдамдық Жарқылды синхрондау жылдамдығы Электронды жолмен басқарылатын тігінен жүретін фокустық қашықтық механикалық ысырмасы; электронды алдыңғы перде ысырмасы; электрондық ысырма 1/4000–30 с (1/3 жəне 1/2 ЭМ қадам өлшемдерінен таңдаңыз), қолмен басылу режимі, уақыт X = 1/200 с; 1/200 с немесе баяуырақ жылдамдықпен ысырмамен синхрондалады; ФЖ жоғары жылдамдықта автоматты синхрондауға қолдау көрсетіледі Босаныс Суретке түсіру режимі Əр кадр бойынша, төмен жылдамдықпен үздіксіз, жоғары жылдам
Экспозиция Режим • b: Auto (Автоматты), P: икемді бағдарламасы бар бағдарламаланған автоматты режим, S: ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим, A: апертура басымдығы бар автоматты режим, M: қол режимі • Көрініс режимдері: k portrait (портрет); l landscape (пейзаж); p child (бала); m sports (спорт); n close up (жақыннан түсіру); o night portrait (түнгі портрет); r night landscape (түнгі пейзаж); s party/indoor (кеш/іште); t beach/snow (жағажай/қар); d sunset (күннің батуы); e dusk/ dawn (ымырт/та
Фокус Объективтің электр жетегі • Автофокус (AF): əр кадр бойынша бақылағыш АФ (AF-S); үздіксіз бақылағыш АФ (AF-C); АФ режимінің автоматты ауыстырып-қосқышы (AF-A; тек фотосурет режимінде қолжетімді); тұрақты АФ (AF-F; тек бейнефильм режимінде қолжетімді); болжалды бақылағыш фокустау • Қолмен реттелетін фокус (M): электрондық қашықтықты өлшегішті пайдалануға болады 209 Фокустау нүктелері (жалғыз нүктелі АФ, фотосурет режимі, DX кескін аумағы) АФ аумағының режимі Дəл, жалғыз нүктелі жəне динамикалық аумақ
Жарқыл Жарқылдың дайындығын білдіретін индикатор Керек-жарақтарға арналған құрылғы Nikon шығармашыл жарық жүйесі (CLS) Ақ түс балансы Ақ түс балансы Брекетинг Брекетинг түрлері Бейнефильм Өлшеу жүйесі Өлшеу режимі Кадр өлшемі (нүктелер) жəне кадр жылдамдығы Кірістірілген жарқыл немесе қосымша жарқыл бөлігі толық зарядталған кезде жанады; жарқыл толық шығысында жанғаннан кейін жарық көзінде кем ұстау туралы ескерту ретінде жыпылықтайды Синхрондау мүмкіндігі жəне деректер түйіспелері мен қауіпсіздік құлпы
Бейнефильм Файл пішімі Бейне сығымдалуы Дыбысты жазу пішімі Дыбысты жазу құрылғысы MOV, MP4 H.
Wi-Fi/Bluetooth Wi-Fi • Стандарттар: - IEEE 802.11b/g/n (Африка, Азия, Океания жəне келесі еуропалық елдер: Албания, Армения, Грузия, Қырғызстан, Молдова жəне Тəжікстан) - IEEE 802.11b/g/n/a/ac (басқа еуропалық елдер, Өзбекстан, АҚШ, Канада, Мексика) - IEEE 802.
Қуат көзі Батарея Зарядтау айнымалы ток адаптері Штатив ұяшығы Штатив ұяшығы Бір EN-EL25 қайта зарядталатын литий-ионды батареясы EH-73P зарядтау айнымалы ток адаптері 1 /4 дюйм (ISO 1222) Өлшемдері/салмағы Өлшемдері (Е × Б × Д) Шамамен 126,5 × 93,5 × 60 мм Салмағы Батареямен жəне жад картасымен бірге, бірақ корпус қақпағынсыз 450 г; шамамен 395 г (тек фотокамера корпусы) Жұмыс жасау ортасы Температура Ылғалдылық 0 °C–40 °C 85% немесе төмен (конденсатсыз) • Басқа мəлімделген болмаса, барлық өлшеулер C
❚❚ MH-32 зарядтау құрылғысы Номиналды тұтынылатын қуаты Номиналды шығасын параметрлері Қолдауға ие батареялар Зарядталу уақыты Жұмыс температурасы Өлшемдері (Е × Б × Д) Салмағы Айнымалы ток 100–240 В, 50/60 Гц, 0,21 А ТТ 8,4 В/1,12 A (MAX) Nikon EN-EL25 қайта зарядталатын литий-ионды батареялары Заряд қалмаған кезде 25 °C қоршаған орта температурасында шамамен 2 сағат жəне 30 минут 0 °C–40 °C Шамамен 67 × 94 × 28 мм, ашалы адаптерді қоспағанда Шамамен 99 г, ашалы адаптерді қоспағанда Бұл өнімдегі таңбалар
A Деректерді сақтау құрылғыларын қоқысқа лақтыру Кескіндерді өшіру немесе жад карталарын немесе өзге де деректерді сақтау құрылғыларын пішімдеу бастапқы кескін мəліметін толық өшірмейтінін ескеріңіз. Өшірілген файлдарды кейде еркін сатылымдағы бағдарламалар көмегімен лақтырылған сақтау құрылғыларынан шығарып алуға болады, бұл жеке суреттерді арам пиғылда пайдалануға əкелуі мүмкін. Мұндай деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету қолданушының өз жауапкершілігі болып табылады.
Рұқсат етілген жад карталары Бұл фотокамера SD, SDHC жəне SDXC жад карталарын, соның ішінде UHS-I үйлесімді SDHC жəне SDXC карталарын қолдайды. Бейнефильм жазу жəне ойнату үшін UHS Speed Class 3 немесе жақсырақ рейтингі берілген карталар ұсынылады; баяуырақ карталарды пайдалану жазудың немесе ойнатудың үзілуіне əкелуі мүмкін. Жад картасын оқу құралында пайдаланатын карталарды таңдағанда, бұл карталардың құрылғымен үйлесімді екеніне көз жеткізіңіз.
Батареяның қызмет көрсету мерзімі Толығымен зарядталған EN-EL25 батареясы арқылы жазуға болатын түсірілген бөліктің жуықталған ұзақтығы немесе суреттер саны монитор режиміне қарай өзгеріп отырады.
NIKKOR Z DX 16–50 мм f/3.5–6.3 VR объективі Кейбір елдерде немесе аймақтарда объектив жинақтары қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Объективті пайдалану ❚❚ Объектив бөліктері: атаулар жəне функциялар 1 2 8 3 4 5 6 7 9 Ескертпе: объектив жинағындағы объективпен бірге қамтамасыз етілген артқы қақпақ көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін, бұл жағдайда оны q қадамын орындаусыз алуға болады.
1 2 3 4 5 Бленда* Масштабтау сақинасы Фокустық қашықтық шкаласы Фокустық қашықтық таңбасы Басқару сақинасы 6 7 8 9 Объективті бекіту таңбасы Микропроцессор түйіспелері Алдыңғы объектив қақпағы Объективтің артқы қақпағы * Бөлек сатылады. Техникалық сипаттамалары Бекіту Фокустық қашықтық Максималды апертура Объективтің құрылымы Көрініс бұрышы Фокустық қашықтық шкаласы Фокустау жүйесі Nikon Z бекіткіші 16–50 мм f/3.5–6.
NIKKOR Z DX 50–250 мм f/4.5–6.3 VR объективі Кейбір елдерде немесе аймақтарда объектив жинақтары қолжетімді болмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Объективті пайдалану ❚❚ Объектив бөліктері: атаулар жəне функциялар 1 2 3 11 4 5 6 7 8 9 10 12 Ескертпе: объектив жинағындағы объективпен бірге қамтамасыз етілген артқы қақпақ көрсетілгеннен басқаша болуы мүмкін, бұл жағдайда оны q қадамын орындаусыз алуға болады.
1 2 3 4 5 6 Бленда* Бленданы құлыптау таңбасы Бленданы орнату таңбасы Бленданы бекіту таңбасы Масштабтау сақинасы Фокустық қашықтық шкаласы 7 8 9 10 11 12 Фокустық қашықтық таңбасы Басқару сақинасы Объективті бекіту таңбасы Микропроцессор түйіспелері Алдыңғы объектив қақпағы Объективтің артқы қақпағы * Бөлек сатылады.
Техникалық сипаттамалары Бекіту Фокустық қашықтық Максималды апертура Объективтің құрылымы Көрініс бұрышы Фокустық қашықтық шкаласы Фокустау жүйесі Дірілді азайту Минималды фокустау қашықтығы (фокустық жазықтықтан өлшенген) Максималды репродукция коэффициенті Диафрагма қалақтары Nikon Z бекіткіші 50–250 мм f/4.5–6.
Ескертпелер Еуропадағы тұтынушыларға арналған ескертпелер САҚ БОЛЫҢЫЗ: ЕГЕР БАТАРЕЯ ЖАРАМСЫЗ ТҮРІМЕН АУЫСТЫРЫЛҒАН БОЛСА, ЖАРЫЛЫС ҚАУПІ БОЛАДЫ. ҚОЛДАНЫЛҒАН БАТАРЕЯЛАРДЫ НҰСҚАУЛАРҒА СƏЙКЕС ЛАҚТЫРЫҢЫЗ. Бұл таңба электр жəне электрондық жабдықтардың бөлек жиналуы керектігін білдіреді. Батареядағы бұл таңба батарея бөлек жиналуы керектігін білдіреді.
Bluetooth жəне Wi-Fi (сымсыз жергілікті желі) Бұл өнімді Америка Құрама Штаттарының экспортты басқару туралы ережелері (EAR) бақылайды. Осы мəтін жазылып жатқанда эмбарго немесе арнайы ережелер қолданылған келесі елдерден басқа елдер үшін экспорттау үшін Америка Құрама Штаттары үкіметінің рұқсаты қажет емес: Куба, Иран, Солтүстік Корея, Судан жəне Сирия (тізім өзгертілуі мүмкін). Кейбір елдерде немесе аймақтарда сымсыз құрылғыларды пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.
Қауіпсіздік Бұл өнімнің артықшылықтарының бірі басқаларға өз ауқымында кез келген жерде деректерді сымсыз алмасу үшін еркін қосылуға мүмкіндік беретіні болғанымен, қауіпсіздік қосылмаған болса, төмендегі жағдайлар орын алуы мүмкін: • Деректердің ұрлануы: зиянкес үшінші тараптар сымсыз тасымалданатын деректерді ұстап, пайдаланушы идентификаторларын, құпия сөздерін жəне басқа жеке ақпаратты ұрлауы мүмкін.
A Сертификаттар Кеден Одағының мəлімдемесі (декларация) үшін ақпарат/сертификат Шығарылған күні: Қолданушы нұсқаулығының артқы мұқабасын қараңыз Z 50 Өндіруші: “Никон Корпорейшн”,Шинагава Интерсити, Башня “C”, 2-15-3, Конан, Минато-ку, Токио 108-6290, Жапония Импортер: ЖШС “Никон”, Мекен жайы: Ресей, Мəскеу қаласы, Сыромятнический -2 көшесі,1 үй.
Сауда белгілері мен лицензиялар A Сауда белгісіне қатысты ақпарат IOS — Cisco Systems, Inc. компаниясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі сауда белгісі немесе тіркелген сауда белгісі жəне лицензия бойынша пайдаланылады. Windows — Microsoft корпорациясының Америка Құрама Штаттарындағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгісі немесе сауда белгісі. Mac, macOS, OS X, Apple®, App Store®, Apple логотиптері, iPhone®, iPad® жəне iPod touch® — Apple Inc.
A FreeType лицензиясы (FreeType2) Бұл бағдарламалық жасақтаманың бөліктері © 2012 The FreeType Project (https://www.freetype.org) авторлық құқықтары болып табылады. Барлық құқықтары қорғалған. A MIT лицензиясы (HarfBuzz) Бұл бағдарламалық жасақтаманың бөліктері © 2018 The HarfBuzz Project (https://www.freedesktop.org/wiki/Software/HarfBuzz) авторлық құқықтары болып табылады. Барлық құқықтары қорғалған.
A Unicode® таңбалар дерекқорының лицензиясы (Unicode таңбалар дерекқоры) Бұл бағдарламалық жасақтамада Unicode® таңбалар дерекқорының ашық бастапқы коды бар. Бұл ашық бастапқы кодтың лицензиясы төменде берілген. COPYRIGHT AND PERMISSION NOTICE Copyright © 1991-2019 Unicode, Inc. All rights reserved. Distributed under the Terms of Use in https://www.unicode.org/copyright.html.
Техникалық ескертпелер 57
58 Техникалық ескертпелер
Техникалық ескертпелер 59
60 Техникалық ескертпелер
Кепілдік шарттары - Еуропа еліндеріндегі Nikon Europe Service Warranty кепілдігі Құрметті Nikon компаниясының тұтынушысы! Nikon өнімін сатып алғаныңыз үшін рақмет.Nikon өніміне кепілдік бойынша қызмет көрсету қажет болса, оны сатып алған дилермен немесе Nikon Europe B.V. сату аумағындағы (мысалы, Еуропа/Ресей/басқалар) өкілетті қызмет көрсету желісіндегі мүшемен хабарласыңыз. Мəліметтерді мына беттен қараңыз: https://www.europe-nikon.
2. Бұл кепілдікте төмендегілер көрсетіледі: • қалыпты жағдайда тозуына байланысты бөлшектерге қажетті түрде техникалық қызмет көрсету жəне жөндеу немесе ауыстыру. • пайдаланушы нұсқауларында сипатталғандай, Nikon компаниясының жазбаша келісімінсіз, өнімнің қалыпты күйін жаңарту үшін өзгерту. • тасымалдау шығындары жəне өнімдердің кепілдігімен тікелей немесе жанама байланысты тасымалдаудың барлық қауіптері.
4. Бұл қызмет көрсету жөніндегі кепілдік заңдық күші бар тиісті ұлттық заңдарға сəйкес тұтынушының заңдық құқықтарына да, сату/сатып алу жөнінде келісім-шарттың негізінде дилерге қарсы келетін тұтынушының құқықтарына да əсер етпейді. Ескерту: Nikon компаниясының барлық өкілетті қызмет керсету орталықтарын осы сілтемеге өту арқылы қарап шығуға болады (URL = https://www.europe-nikon.com/service/ ).
E L P Nikon Z 50 S M A Бұл нұсқаулықты түгелдей немесе оның бір бөлігін (сын жазу мақалалары мен шолулардағы қысқа дəйексөздерді қоспағанда) NIKON CORPORATION компаниясының жазбаша рұқсатынсыз ешбір түрде көшіруге болмайды.