Қолданушы нұсқаулығы

iv
Осы нұсқаулық туралы
❚❚
Таңбалар
Бұл нұсқаулықта келесі таңбалар мен шартты белгілер
пайдаланылады. Оларды қажет ақпаратты табу үшін
пайдаланыңыз.
❚❚
Шартты белгілер
Бұл фотокамерада «жад карталары» деп аталатын SD,
SDHC жəне SDXC жад карталары пайдаланылады.
Сондай-ақ кейде SD, SDHC жəне SDXC карталары «SD
жад карталары» деп аталуы мүмкін.
Осы нұсқаулықта зарядтау құрылғылары «зарядтау
құрылғылары» немесе «зарядтағыштар» деп аталады.
Бұл нұсқаулықта суретке түсіру кезінде фотокамера
мониторындағы жəне көріністапқыштағы дисплей
«түсіру режимінің дисплейі» деп аталады;
жағдайлардың көпшілігінде суреттер мониторды
көрсетеді.
Осы нұсқаулықта смартфондар мен планшеттер
«смарт құрылғылар» деп аталады.
Осы нұсқаулықта «əдепкі параметрлер» термині
жөнелту кезінде қолданылған параметрлерді білдіру
үшін пайдаланылады. Бұл нұсқаулықтағы
түсіндірмелерде əдепкі параметрлер пайдаланылған
деп есептеледі.
Осы нұсқаулық туралы
D
Бұл белгіше ескертпелерді белгілейді; осы өнімді
пайдаланудың алдында оқылуы тиіс ақпарат.
A
Бұл белгіше кеңестерді, осы өнімді пайдаланғанда сізге
пайдалы болуы мүмкін қосымша ақпаратты белгілейді.
0
Бұл белгіше осы нұсқаулықтың өзге бөлімдеріне
жасалған сілтемелерді белгілейді.