Қолданушы нұсқаулығы
Table Of Contents
- Орауыш құрамы
- Осы нұсқаулық туралы
- Мазмұны
- Мәзірлер тізімі
- Қауіпсіздік шаралары
- Ескертпелер
- Фотокамерамен танысу
- Алғашқы қадамдар
- Негізгі фотосурет түсіру және ойнату
- Техникалық ескертпелер
- Объектив жинағы
xviii
Қауіпсіздік шаралары
Өнімді ұзақ уақыт бойы өте жоғары температуралар әсер
ететін жерде қалдырмаңыз, мысалы, жабық автокөлікте
немесе тік күн сәулелерінің астында.
Бұл сақтық шарасын қолданбау өртке немесе өнім ақаулығына
əкелуі мүмкін.
Тікелей АФ қосымша шамына қарамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау көруге кері əсер етуі мүмкін.
Фотокамераларды немесе объективтерді штативтер
немесе ұқсас керек-жарақтар жалғанған күйде
тасымалдамаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау жарақатқа немесе өнім
ақаулығына əкелуі мүмкін.
A
ҚАУІП (Батареялар)
Батареяларды дұрыс емес пайдаланбаңыз.
Келесі сақтық шараларын қолданбау батареялардың ағуына,
қызып кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін:
•
Тек осы өнімде пайдалану үшін бекітілген қайта зарядталмалы
батареяларды пайдаланыңыз.
•
Батареяларға жалын немесе артық жылу əсерін тигізбеңіз.
•
Бөлшектемеңіз.
•
Алқаларға, түйреуіштерге немесе басқа металл заттарға тигізу
арқылы түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз.
•
Батареяларға немесе олар салынған өнімдерге қатты
соққылардың əсерін тигізбеңіз.
•
Батареяларды басуға, шегелермен тесуге немесе
балғалармен соғуға болмайды.
Тек көрсетілгендей зарядтаңыз.
Бұл сақтық шарасын қолданбау батареялардың ағуына, қызып
кетуіне, жарылуына немесе өртенуіне əкелуі мүмкін.