Қолданушы нұсқаулығы
V
75
Z
Экспозиция
Өлшеу фотокамера экспозицияны қалайша орнататынын
анықтайды. Мына параметрлерді пайдалану мүмкін:
Өлшеу
Параметр
Сипаттама
a
Матрица
: көпшілік жағдайларда табиғи нəтижелер береді.
Фотокамера кадрдың кең аумағын өлшейді жəне реңк үлестірімі,
түс, кадр жиектемесі бойынша, сондай-ақ G, E немесе D титес
объективтерімен (
0
320), қашықтық мəліметі бойынша (II 3D
түрлі-түсті матрицалық өлшем жүйесі; басқа микропроцессормен
жабдықталған объективтермен фотокамера 3D қашықтық
ақпараты жоқ түрлі-түсті II матрицалық өлшем жүйесін
пайдаланады) экспозицияны орнатады. Микропроцессормен
жабдықталмаған объективтер пайдаланғанда, фокустық
қашықтық пен максималды апертура орнату мəзірінде (
0
164)
Non-CPU lens data (Микропроцессормен жабдықталмаған
объектив деректері)
параметрі көмегімен белгіленген болса,
фотокамера түрлі-түсті матрицалық өлшемді пайдаланады;
басқа жағдайларда фотокамера ортасы бойынша өлшенген
өлшеуді пайдаланады.
Z
Ортасы бойынша өлшенген
: фотокамера бүкіл кадрды
өлшейді, бірақ ең көп салмақты орталық аумаққа белгілейді (егер
кірістірілген микропроцессоры бар объектив жалғанса аумақтың
өлшемін b1,
Center-weighted area (Ортасы бойынша өлшенген
аумақ)
қолданушы параметрін пайдаланып таңдауға болады,
0
250; микропроцессормен жабдықталмаған объектив жалғанса,
аумақ диаметрі 12 мм тең болады). Портреттерге арналған
дəстүрлі өлшеу əдісі; 1× асатын экспозицияның өзгеру еселігі
(сүзгі еселігі) бар сүзгілерді пайдаланған кезде ұсынылады.
b
Нүкте
: фотокамера 4 мм диаметрлі (кадрдың шамамен 1,5%)
шеңберді өлшейді. Шеңбер ағымдағы фокустау нүктесіне
қадалып, осылайша ортадан тыс тұрған нысандарды өлшеу
мүмкіндігін береді (микропроцессормен жабдықталмаған
объектив қолданылған жағдайда немесе АФ аумағын автоматты
түрде таңдау режимі қосылып тұрса, фотокамера орталық
фокустау нүктесін өлшейді). Артқы фон өте жарық немесе күңгірт
болса да, нысанның дұрыс экспозициялануын
қамтамасыз етеді.










