Қолданушы нұсқаулығы

69
N
❚❚ Электрондық қашықтықты өлшегіш
Көріністапқыш фокусының индикаторын
таңдалған фокустау нүктесіндегі нысанның
фокуста екендігін растау үшін пайдалануға
болады (фокустау нүктесін 39 фокустау
нүктесінің кез келгенінен таңдауға болады).
Нысанды таңдалған фокустау нүктесіне
орналастырғаннан кейін ысырманы босату
түймешігін жартылай басып, объективті фокустау сақинасын
фокустау күйінің индикаторы (
I
) көрсетілгенше бұраңыз. 61-бетте
атап өтілген нысандармен, фокустау күйінің индикаторы кейде
нысан фокуста болмаған кезде көрсетілуі мүмкін екенін ескеріңіз;
суретке түсіру алдында көріністапқышта фокусты тексеріңіз.
Қосымша AF-S/AF-I телескопиялық түрлендіргіштер бар
электрондық қашықтықты өлшегішті пайдалану туралы ақпаратты
321-беттен қараңыз.
A Фокустық жазықтық күйі
Нысан мен фотокамера арасындағы
қашықтықты анықтау үшін фотокамера
корпусындағы фокустық жазықтық
таңбасынан (E) нысанға дейінгі ұзындықты
өлшеңіз. Объективті бекіту фланеці мен
фокустық жазықтық арасындағы қашықтық
46,5 мм болады.
Фокустық жазықтық
таңбасы
46,5
мм