Қолданушы нұсқаулығы
68
N
Қолмен реттелетін фокус
Автофокусты қолдамайтын объективтер үшін (АФ емес NIKKOR
объективтері) немесе автофокус қалаулы нəтижелер бермеген
кезде қолмен реттелетін фокусты пайдалануға болады (0 61).
•AF-S объективтері: объективтің фокустау режимінің қосқышын
M күйіне орнатыңыз.
•AF объективтері: объективтің
фокустау режимінің қосқышын
(бар болса) жəне фотокамераның
фокус режимінің ауыстырғышын
M күйіне орнатыңыз.
• Қолмен фокусталатын объективтер: объективтің фокустау
режимінің қосқышын
M күйіне орнатыңыз.
Қолмен фокустау үшін объективтің
фокустау сақинасын көріністапқыштағы
таза бұлыңғыр аумағында көрініп тұрған
кескін фокусқа алынғанша реттеңіз.
Фотосуреттерді кескін фокуста болмаса да,
кез келген уақытта түсіруге болады.
D AF объективтері
AF объективтерін объективті
фокустау режимінің қосқышын M
күйінде, ал фотокамераның фокус
режимінің ауыстырғышын AF.
күйіне орнатып пайдаланбаңыз.
Осы сақтық шарасын орындамау
фотокамераның немесе
объективтің зақымдалуына əкелуі
мүмкін.
Фокустау режимінің
ауыстырғышы










