Қолданушы нұсқаулығы

67
N
3 Фотосуретті қайта
жиектеңіз жəне суретке
түсіріңіз.
Ысырманы босату түймешігі
жартылай басылып тұрса
(AF-S) немесе A AE-L/AF-L
түймешігі басылып тұрса, фокус түсірілімдер арасында
құлыптаулы күйде болып, бір фокус параметрімен қатарынан
бірнеше сурет түсіруге мүмкіндік береді.
Фокустау құлпы қосылып тұрғанда, фотокамера мен нысан
арасындағы қашықтықты өзгертпеңіз. Нысан қозғалып кетсе, оны
жаңа қашықтықтан қайта фокустаңыз.
A Фокусты B түймешігімен құлыптау
Көріністапқышпен фотосурет түсіру кезінде B түймешігін ысырманы
босату түймешігімен қатар фокусты құлыптау үшін қолдануға болады
(0 60). Егер AF-ON only (AF-ON ғана) мəні a4 (AF activation (АФ
белсендіру), 0 247) қолданушы параметрі үшін таңдалса, фотокамера
ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда фокустамайды;
оның орнына, фотокамера B түймешігі басылғанда фокустайды, сол
сəтте фокустау құлыптанады да
, түймешік қайта басылғанша
құлыптаулы болып тұра береді. Ысырманы a1 (AF-C priority selection
(AF-C басымдығын таңдау), 0 246) жəне a2 (AF-S priority selection
(AF-S басымдығын таңдау), 0 246) қолданушы параметрлері үшін
таңдалған мəндерге қарамастан кез келген уақытта босатуға болады
жəне фокустау күйінің индикаторы (I) көріністапқышта көрсетілмейді.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Экспозицияны құлыптау үшін ысырманы босату түймешігін пайдалану
туралы ақпаратты c1 Қолданушы параметрінен (Shutter-release button
AE-L (Ысырманы босату түймешігі АЭ-Қ), 0 251), жəне A AE-L/AF-L
түймешігінің функциясы туралы ақпаратты f6 Қолданушы параметрінен
(Assign AE-L/AF-L button (АЭ-Қ/АФ-Қ түймешігін тағайындау),
0 267) қараңыз.