Қолданушы нұсқаулығы

66
N
Фокустау құлпы
Фокустау құлпын фокустағаннан кейін кадр жиектемесін өзгерту
үшін пайдаланып, соңғы кадр жиектемесінде фокустау нүктесінде
болмайтын нысанға фокусталу мүмкіндігін береді. Фотокамера
автофокус арқылы фокустай алмаса (0 61), фокустау құлпын
қашықтығы бастапқы нысанмен бірдей басқа нысанды
фокустағаннан кейін фотосуретті қайта жиектеу үшін де
пайдалануға болады. АФ аумағының режимі үшін (0 62) АФ
аумағын автоматты түрде таңдау режимінен басқа параметр
таңдалған кезде фокустау құлпы аса тиімді болады.
1 Фокустау.
Нысанды таңдалған фокустау
нүктесіне орналастырып,
фокусты іске қосу үшін
ысырманы босату түймешігін
жартылай басыңыз. Фокустау
күйінің индикаторы (I)
көріністапқышта көрсетілгенін тексеріңіз.
2 Фокусты құлыптаңыз.
AF-C фокустау режимі:
Ысырманы босату түймешігін
жартылай басып тұрып (q),
A AE-L/AF-L түймешігін басып
(w), фокусты жəне экспозицияны
құлыптаңыз (AE-L белгішесі
көріністапқыш дисплейіне
шығарылады). A AE-L/AF-L
түймешігі басылып тұрғанда,
ысырманы босату түймешігін
кейін жіберсеңіз де фокустау
құлыптаулы болып тұра береді.
AF-S фокустау режимі: фокустау
күйінің индикаторы (I) пайда
болған кезде фокус автоматты түрде құлыпталады
жəне
ысырманы босату түймешігі жіберілгенше құлыптаулы
болады. Фокусты A AE-L/AF-L түймешігін басу арқылы да
құлыптауға болады (жоғарыдан көріңіз).
Ысырманы босату
түймешігі
A AE-L/AF-L түймешігі