Қолданушы нұсқаулығы

63
N
АФ аумағын автоматты түрде таңдау:
Фотокамера нысанды автоматты түрде
анықтайды жəне фокустау нүктесін
таңдайды. G, E, немесе D түріндегі
объектив қолданылса (0 320), фотокамера
нысанды жақсырақ анықтау үшін
адамдарды артқы фоннан ажырата алады.
Белсенді фокустау нүктелері фотокамера фокусталғаннан
кейін тез арада белгіленеді; AF-C режимінде басты фокустау
нүктесі басқа фокустау нүктелері өшірілгеннен кейін де
белгіленіп
тұра береді.
АФ аумағының режимін АФ режимі түймешігін басу жəне қалаған
параметр көріністапқышта шығарылғанша қосымша басқару
дискін бұрау арқылы таңдауға болады.
АФ режимінің
түймешігі
Қосымша басқару
дискі
Көріністапқыш
A 3D бақылау
Ысырманы босату түймешігі жартылай басылған кезде фокустау
нүктесінің айналасындағы аумақ түстері фотокамерада сақталады.
Сондықтан 3D бақылау нысандар артқы фонмен бірдей түсте болса
немесе кадрдың өте кішкентай бөлігін алатын болса қалаулы
нəтижелер бермеуі мүмкін.