Қолданушы нұсқаулығы

61
N
A Автофокус көмегімен жақсы нəтижелерге жету
Автофокус режиміі төменде көрсетілген жағдайларда жақсы нəтиже
көрсетпейді. Фотокамера бұл жағдайларда фокустай алмаса, ысырма
түсірілуі ажыратылуы мүмкін немесе фокустау күйінің индикаторы (I)
дисплейге шығарылып, фотокамера дыбыстық сигнал шығаруы мүмкін,
бұл нысан фокуста болмаса да ысырманы босатуға мүмкіндік береді.
Осындай жағдайларда қолмен фокустаңыз (0 68) немесе бірдей
қашықтағы
басқа нысанға фокусталу үшін фокустау құлпын
пайдаланып (0 66), фотосуретті қайта жиектеңіз.
Нысан мен артқы фон арасындағы контраст төмен
немесе мүлдем жоқ.
Мысал: нысанның түсі артқы фон түсімен бірдей.
Фокустау нүктесі фотокамерадан əр түрлі
қашықтықта орналасқан нысандарды қамтиды.
Мысал: нысан тор ішінде.
Нысан қалыпты геометриялық пішіндерге ие.
Мысал: көпқабатты үйдегі терезеперде немесе
терезелер қатары.
Фокустау нүктесі жарықтың шұғыл контрастты
аумақтарын қамтиды.
Мысал: нысан жартылай көлеңке астында.
Артқы фондағы эленменттер нысаннан үлкендеу
көрінеді.
Мысал: нысанның артындағы ғимарат кадрға кіріп тұр.
Нысан көптеген кішігірім егжей-тегжейден құралған.
Мысал: гүлдер алаңы немесе басқа да кішкентай
немесе жарықтығы бойынша ерекшеленбейтін
нысандар.