Қолданушы нұсқаулығы
60
N
Автофокус режимін АФ режимі түймешігін басу жəне қалаған
параметр көріністапқышта шығарылғанша басты басқару дискін
бұрау арқылы таңдауға болады.
АФ режимінің
түймешігі
Басты басқару дискі
AF-S AF-C
A B түймешігі
Фотокамераны фокустау мақсатында, B
түймешігін басу ысырманы босату түймешігін
басқанмен бірдей нəтижеге əкеледі.
A Болжайтын бақылағыш фокустау
AF-C режимінде ысырманы босату түймешігі жартылай басылғанда
немесе B түймешігі басылғанда егер нысан фотокамераға қарай не
одан аулақ жылжыса, фотокамера болжалды бақылағыш фокустауды
іске қосады.
Бұл фотокамераға ысырма түсірілгенде нысанның қай
жерде болатынын болжау барысында фокусты бақылауға мүмкіндік
береді.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Үздіксіз бақылағыш АF режимінде фокус басымдығын пайдалану
туралы ақпаратты а1 Қолданушы параметрінен қараңыз (AF-C priority
selection (AF-C басымдығын таңдау), 0 246).
Əр кадр бойынша
бақылағыш АF режимінде түсіру басымдығын пайдалану туралы
ақпаратты а2 (AF-S priority selection (AF-S басымдығын таңдау),
0 246) қолданушы параметрінен қараңыз.
Live view режимінде бар
автофокус параметрлері туралы ақпарат үшін 175-бетті қараңыз.
B түймешігі










