Қолданушы нұсқаулығы

54
d
❚❚ Фотокамераны басқару элементтері
1 Кескін аумағын таңдауды фотокамераның басқару
элементіне тағайындаңыз.
Қолданушы параметрлері мəзіріндегі (0 266) фотокамераны
басқару элементі үшін «басу+басқару дискі» параметрі
ретінде Choose image area (Кескін аумағын таңдау)
пəрменін таңдаңыз. Кескін аумағының таңдауын Fn
түймешігіне (f4 қолданушы параметрі, Assign Fn button (Fn
түймешігін тағайындау), 0 263), Pv түймешігіне (f5
қолданушы параметрі, Assign preview button (Алдын-ала
қарап шығу түймешігін тағайындау), 0 266), немесе
A AE-L/AF-L түймешігіне (f6 қолданушы параметрі, Assign
AE-L/AF-L button (АЭ-Қ/АФ-Қ түймешігін тағайындау),
0 267) тағайындауға болады.
2 Таңдалған басқару элементін пайдаланып кескін
аумағын таңдаңыз.
Кескін аумағын таңдалған түймешікті басып, керекті кесінді
көріністапқышта (0 51) көрсетілгенше басты жəне қосымша
басқару дискін бұрау арқылы таңдауға болады.
Кескін аумағы үшін таңдалған ағымдыға
параметрді түймешікті басу арқылы
кескін аумағын көріністапқышта немесе
ақпараттық дисплейде көруге болады.
FX пішімі «36–24» ретінде, ал DX пішімі
«24–16» ретінде көрсетіледі.
D Автоматты түрде DX кесу
Таңдалған басқару элементін DX объективі жалғанған жəне Auto DX
crop (Автоматты түрде DX кесу) іске қосылған кезде кескін аумағын
таңдау үшін пайдалануға болмайды.
A Кескін өлшемі
Кескін өлшемі кескін аумағы үшін таңдалған параметрге байланысты
өзгереді (0 58).