Қолданушы нұсқаулығы

48
k
Өздігінен түсіруді реттейтін
таймер режимі
Өздігінен түсіруді реттейтін таймерді фотокамера дірілін азайту
немесе автопортреттерді түсіру үшін пайдалануға болады.
1 Фотокамераны штативке бекітіңіз.
Фотокамераны штативке бекітіңіз немесе фотокамераны
тұрақты, тегіс жерге қойыңыз.
2 Өздігінен түсіруді
реттейтін таймерді
таңдаңыз.
Суретке түсіру режимінің дискін
E күйіне бұраңыз.
3 Фотосуретті жақтауға алыңыз.
4 Фотосуретті түсіріңіз.
Фокустау үшін ысырманы
босату түймешігін жартылай
басыңыз, содан соң таймерді
іске қосу үшін түймешікті аяғына
дейін төмен басыңыз (егер фотокамера фокустай алмаса
немесе ысырманың түсірілуі мүмкін емес басқа да
жағдайларда таймер іске қосылмайтындығын ескеріңіз).
Өздігінен түсіруді реттейтін таймердің шамы жыпылықтай
бастайды. Фотосуреттің түсірілуіне екі секунд қалғанда,
өздігінен түсіруді реттейтін таймердің шамы
жыпылықтауды
қояды. Ысырма таймер іске қосылғаннан кейін он секунд
өткенде түсіріледі. Түсірілген суретті дисплейден алып
тастау үшін басқа түсіру режимін таңдаңыз.
A Көріністапқышты жабу
Көріністапқыш арқылы өтетін жарықтың фотосуреттерге жəне
экспозицияға кедергі келтіруіне жол бермеу үшін көріністапқышты
бірге жеткізілген DK-26 окуляр қақпағымен жаыңыз (0 23).
Суретке түсіру режимінің дискі