Қолданушы нұсқаулығы

47
k
Фотосурет түсіру жылдамдығы ысырма жылдамдықтары баяу
немесе апертуралар кішкентай болғанда (жоғары f сандары),
дірілді азайту (ДА объективтерінде болады) немесе автоматты
ISO сезімталдық бақылауы қосулы (0 70, 72), не болмаса
батарея заряды төмен болғанда азаяды.
A Жад буфері
Түсірілген фотосуреттер жад картасына
сақталғанға дейін фотосуреттер түсіруін
жалғастыруды мүмкін ету үшін, фотокамера
уақытша сақтауға арналған жад буферімен
жабдықталған. 100 фотосуретке дейін бірінен
соң бірін түсіруге болады; дегенмен, буфер
толған кезде фотосурет түсіру кезіндегі кадр
жылдамдығы төмендейтінін ескеріңіз (tAA). Ағымдағы параметрлерде
жад буферінде сақтауға болатын кескіндердің жуық саны ысырманы
босату
түймешігі басылған кезде көріністапқыштағы жəне басқару
панеліндегі кадрлар есептегіші дисплейлерінде көрсетіледі. Оң
жақтағы суретте буферде шамамен 55-суретке арналған бос орын
қалған кездегі дисплей көрсетілген.
Фотосуреттер жад картасына жазылып жатқан кезде жад картасына
қатынасу шамы жанады. Суретке түсіру жағдайлары мен жад
картасының өнімділігіне байланысты, жазу бірнеше секундтан бірнеше
минутқа дейін созылуы
мүмкін. Қатынасу шамы өшкенше жад
картасын шығармаңыз немесе қуат көзін суырмаңыз немесе
ажыратпаңыз. Егер фотокамера буферде деректер қалған кезде
өшірілген болса, қуат буфердегі барлық кескіндер жазылғанша
өшпейді. Егер батарея қуаты буферде кескіндер қалған кезде
таусылса, ысырманы босату мүмкіндігі ажыратылады жəне кескіндер
жад картасына тасымалданады.
A Тікелей көрініс
Егер тікелей көрініспен фотосурет түсіру кезінде үздіксіз түсіру режимі
қолданылса (
0
172), ысырманы босату түймешігі басылғанда
фотосуреттер объектив арқылы дисплейдің көрініс орнында көрсетіледі.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Бір серия ішінде түсіруге болатын фотосуреттердің максималды санын
таңдау туралы ақпаратты алу үшін d6 (Max. continuous release
(Максималды үздіксіз түсіру), 0 254) қолданушы параметрінен
қараңыз. Бір серия ішінде түсіруге болатын фотосуреттердің саны
туралы ақпаратты алу үшін 364-бетті қараңыз.