Қолданушы нұсқаулығы

44
#
❚❚ Ұзақ экспозициялар (тек M режимі)
Қозғалыстағы жарық көздері, жұлдыздар,
түнгі көрініс немесе отшашу түсіруге
арналған ұзақ экспозициялар үшін мына
ысырма жылдамдықтарын таңдаңыз.
Қолмен басылу режимі (B): ысырманы
босату түймешігі төмен басылып тұрған
кезде, ысырма ашық болады. Бұлдырамас
үшін штатив немесе қосымша сымсыз
қашықтан басқару бөлігін (0 325) немесе
қашықтан басқару сымын айдаланыңыз (0 325).
Уақыт (T): экспозицияны фотокамерадағы
ысырманы босату
түймешігін, не болмаса қосымша қашықтан басқару пультін,
немесе сымсыз қашықтан басқару бөлігін пайдалануды
бастаңыз. Ысырма отыз минут бойы немесе түймешік екінші
рет басылғанша ашық болып тұрады.
Суретке түсіруді бастамас бұрын, фотокамераны штативке
бекітіңіз немесе фотокамераны тұрақты, түзу жерге қойыңыз.
Экспозицияны аяқтауға дейін қуатты жоғалтпау үшін толық
зарядталған батареяны
немесе қосымша айнымалы ток адаптері
мен қуат жалғағышын пайдаланыңыз. Бұрмаланудың (ашық түсті
нүктелер, кездейсоқ орналасқан жарық нүктелер немесе
түстердің əркелкілігі) ұзақ экспозицияларда болуы мүмкіндігін
ескеріңіз; түсіру алдында суретке түсіру мəзіріндегі Long
exposure NR (Ұзақ экспозиция NR) үшін On (Қосулы)
параметрін таңдаңыз (0 242). Көріністапқыш арқылы өтетін
жарықтың фотосуреттерге жəне экспозицияға кедергі келтіруіне
жол бермеу үшін көріністапқышты бірге жеткізілген окуляр
қақпағымен жабыңыз (0 23).
1 Экспозиция режимін
таңдау дискін M күйіне
бұраңыз.
Əсер ету ұзақтығы:
35 s
Апертура: f/25
Экспозиция режимін таңдау
дискі