Қолданушы нұсқаулығы
38
#
P: Бағдарламаланған автоматты режим
Бұл режимде фотокамера ысырма
жылдамдығын жəне аператураны
жағдайлардың көбінде экспозициянының
оңтайлығын қамтамасыз ету үшін бекітілген
бағдарламаға сəйкес автоматты түрде
реттеп отырады.
A Икемді бағдарлама
P экспозиция режимінде, экспозиция
өлшегіштері қосылып тұрғанда, ысырма
жылдамдығы мен апертураның түрлі
комбинацияларын басқару дискін бұрау арқылы
таңдауға болады («икемді бағдарлама»).
Дискіні оңға қарай бұрап артқы фондағы
элементтерді бұлдырату үшін апертураларды
үлкейтіңіз (төмен f сандары) немесе қозғалысты
«қатырып тастайтын» жоғары ысырма
жылдамдықтарын қосыңыз. Дискіні солға қарай
бұрап анық түсірілетін кеңістік
тереңдігін
ұлғайту үшін апертураларды кішірейтіңіз
(жоғары f сандары) немесе қозғалысты бұлдырататын төмен ысырма
жылдамдықтарын қосыңыз. Комбинациялардың барлығы бірдей
экспозиция береді. Икемді бағдарлама қосылып тұрғанда, E
индикаторы көріністапқышта пайда болады. Əдепкі ысырма
жылдамдығы мен апертура параметрлерін қалпына келтіру үшін басты
басқару дискін индикатор дисплейден жоғалғанша бұраңыз, басқа
экспозиция режимін таңдаңыз немесе фотокамераны
өшіріңіз.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Бекітілген экспозиция бағдарламасы туралы ақпарат алу үшін 339-
бетті қараңыз.
Басты басқару дискі
Көріністапқыш










