Қолданушы нұсқаулығы
#
36
#
Экспозиция
режимі
Экспозиция режимін таңдау үшін
экспозиция режимін таңдау дискін көтеріңіз
жəне бұраңыз.
Режим Сипаттама
P
Бағдарламаланған автоматты режим (0 38): фотокамера
оңтайлы экспозиция үшін ысырма жылдамдығы мен
апертураны орнатады. Тез түсірілген суреттер жəне
фотокамера параметрлерін реттеуге уақыт аз болатын басқа да
жағдайларда ұсынылады.
S
Ысырманы ұстап тұру басымдығы бар автоматты режим
(0 39): қолданушы ысырма жылдамдығын таңдайды;
фотокамера үздік нəтижеге жету үшін апертураны таңдайды.
Қозғалысты қатырып тастау немесе бұлдырату үшін
пайдаланыңыз.
A
Апертура басымдығы бар автоматты режим (0 41):
қолданушы апертураны таңдайды; фотокамера үздік нəтижеге
жету үшін ысырма жылдамдығын таңдайды. Артқы фонды
бұлдырату немесе алдыңғы фон мен артқы фонды фокус ішіне
алу үшін пайдаланыңыз.
M
Қолмен баптау режимі (0 42): қолданушы ысырма
жылдамдығын жəне апертураны да реттейді. Ұзақ
экспозициялар үшін ысырма жылдамдығын қолмен басылу
режиміне (B) немесе Уақыт (T) күйіне орнатыңыз.










