Қолданушы нұсқаулығы
28
X
Көріністапқыш фокусын реттеу
Фотокамера көру қабілетіндегі дербес ерекшеліктерге
негізделген айырмашылықтарды ескеру үшін диоптрияны реттеу
мүмкіндігімен жабдықталған. Көріністапқыштағы суреттерді
жақтау ішіне алудан бұрын көріністапқыштағы дисплейдің
фокуста тұрғанын тексеріңіз.
1 Фотокамераны қосыңыз.
Объектив қабын алып, фотокамераны қосыңыз.
2 Көріністапқышты
фокустаңыз.
Диоптрияны реттеу тетігін АФ
аумағының жақшалары фокус
ішінде анық көрінгенше
бұраңыз. Көзіңізді
көріністапқышқа жақындатып диоптрияны реттеу тетігімен
жұмыс істеу кезінде, көзіңізге саусағыңызды немесе
тырнағыңызды кіргізіп алмаңыз.
АФ аумағының
жақшалары
Көріністапқыш фокуста
емес
Көріністапқыш фокуста
A Көріністапқыш фокусын реттеу
Көріністапқышты жоғарыда сипатталғандай фокустай алмасаңыз, əр
кадр бойынша бақылағыш автофокустауды (AF-S; 0 59), жалғыз
нүктелі АF (0 62) жəне орталық фокустау нүктесін (0 65) таңдаңыз,
одан кейін жоғары контрастты нысанын орталық фокустау нүктесінде
жақтауға алып, фотокамераны фокустау үшін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз. Фотокамера фокуста болған кезде,
нысанды көріністапқышта фокусқа анық
түрде алу үшін диоптрияны
реттеу тетігін пайдаланыңыз. Қажет болса, көріністапқыш фокусын
қосымша түзеткіш объективтер көмегімен əрі қарай реттеуге болады
(0 324).










