Қолданушы нұсқаулығы
27
X
5 Жазғы уақытты қосыңыз
немесе өшіріңіз.
Жазғы уақыт параметрлері
көрсетіледі. Жазғы уақыт
əдептегідей өшірулі болады;
егер жергілікті уақыт белдеуі
жазғы уақытта болса, On (Қосулы) күйін белгілеу үшін 1
түймешігін басыңыз, содан кейін J түймешігін басыңыз.
6 Күн жəне уақытты орнату.
Оң жақта көрсетілген тілқатысу
терезесі көрсетіледі. Элементті
таңдау үшін 4 немесе 2
түймешігін басыңыз, өзгерту
үшін 1 немесе 3 түймешігін
басыңыз. Сағатты орнату жəне суретке түсіру режиміне шығу
үшін J түймешігін басыңыз (фотокамера 24 сағаттық сағатты
пайдаланатынын ескеріңіз).
A Сағатты орнату
Тілді жəне күн/уақыт параметрлерін орнату мəзіріндегі Language (Тіл)
(0 277) жəне Time zone and date (Уақыт белдеуі жəне күн) (0 276)
параметрлері арқылы кез-келген уақытта өзгертуге болады. Сонымен
қатар фотокамера уақыты қосымша GPS құрығысы қамтамасыз еткен
деректері көмегімен орнатылуы мүмкін (0 170).
A Сағат батареясы
Фотокамера сағатына қуат тəуелсіз, қайта зарядталмалы қуат көзінен
беріледі, олар негізгі батарея салынған немесе фотокамера қосымша
қуат жалғағышы жəне айнымалы ток адаптері арқылы қосылған кезде
қажетінше зарядталады (0 323).
Екі күн бойы зарядтау сағатқа үш
айдай уақытқа жететін қуат береді.
Қосылған кезде фотокамера
сағаттың орнатылмағаны жайлы ескерту хабарын көрсетсе жəне
ақпараттық дисплейде
Y
белгішесі жыпылықтаса, бұл сағат
батареясы қуатының таусылғанын жəне сағаттың бастапқы қалпына
оралғанын білдіреді. Сағатты дұрыс уақыт пен күнге сай орнатыңыз.
A Фотокамера сағаты
Фотокамера сағатының дəлдігі көптеген қол сағаттары мен тұрмыстық
сағаттарға қарағанда сəл төмендеу.
Сағатты дəл уақытқа сай үнемі
тексеріп, қажетінше дұрыстап тұрыңыз.










