Қолданушы нұсқаулығы

26
X
Қарапайым орнату
Фотокамера алғаш рет қосылған кезде тілді таңдау тілқатысу
терезесі көрсетіледі. Тілді таңдап, уақыт пен күнді орнатыңыз.
Уақыт пен күн орнатылмайынша суретке түсіру мүмкін болмайды.
1 Фотокамераны қосыңыз.
Тілді таңдау тілқатысу терезесі көрсетіледі.
2 Тілді таңдаңыз.
Қалаған тілді белгілеу үшін 1
немесе 3 түймешігін басып,
содан кейін J түймешігін
басыңыз.
3 Уақыт белдеуін таңдаңыз.
Уақыт белдеуін таңдау
тілқатысу терезесі көрсетіледі.
Жергілікті уақыт белдеуін
белгілеу үшін 4 немесе 2
түймешігін басыңыз (UTC
жолағы таңдалған уақыт белдеуі мен Реттелген əмбебап
уақыт, немесе UTC, аралығындағы айырмашылықты
сағаттай көрсетеді) содан соң J түймешігін басыңыз.
4 Күн пішімін таңдаңыз.
Күннің, айдың жəне жылдың
көріну ретін таңдау үшін 1
немесе 3 түймешігін басыңыз.
Келесі қадамға өту үшін J
түймешігін басыңыз.