Қолданушы нұсқаулығы
23
X
A Окуляр қақпағы
Бірге жеткізілген жіңішке бауды пайдаланып окуляр қақпағын
фотокамераға көрсетілгендей жалғаңыз.
Көріністапқыш арқылы жарықтың кіріп, экспозицияға кедергі келтіруін
болдырмау үшін тікелей көрініс, ұзақ экспозиция, өздігінен түсіруді
реттейтін таймермен фотосурет түсіру жəне ысырма ашық кезде
көріністапқыш арқылы қарамайтын басқа жағдайларда окуляр қақпағын
бекітіңіз. Қақпақты алу үшін қысқыштарды басыңыз, сөйтіп көтеріңіз.
A Көріністапқыш окулярын алу
Қосымша диоптриясы реттелетін көріністапқыш
линзаларын бекіту алдында көріністапқыш
окулярын шешіп алу керек. Окулярды шешіп алу
үшін саусақ пен басбармақ арасында жайлап
ұстап, көрсетілгендей бұраңыз.










