Қолданушы нұсқаулығы
22
X
A Жад карталарын пішімдеу
Егер бұл жад картасын қолданудың алғаш реті
болса, немесе карта басқа құрылғыда
пішімделген болса,орнату мəзіріндегі Format
memory card (Жад картасын пішімдеу)
параметрін таңдап, дисплейде көрсетілген
картаны пішімдеуге арналған нұсқауларды
орындаңыз (0 272). Бұл əрекет жад
карталарында жазылған деректердің барлығын біржолата
өшіретінің ескеріңіз.
Жалғастырмас бұрын қалаған фотосуреттерді
немесе өзге деректерді сақтау үшін компьютерге көшіріп алуды
ұмытпаңыз.
D Жад карталары
• Жад карталары пайдаланылғаннан кейін ысуы мүмкін.
Жад
карталарын фотокамерадан шығарып алу кезінде сақтық шараларын
орындаңыз.
•
Жад карталарын фотокамераға салған немесе шығарып алған кезде
фотокамераны өшіріңіз.
Пішімдеу барысында немесе деректер
жазылып, өшіріліп немесе компьютерге көшіріліп жатқан кезде, жад
карталарын фотокамерадан шығарып алмаңыз, фотокамераны
өшірмеңіз немесе қуат көзін шығармаңыз немесе ажыратпаңыз.
Осы
сақтық шараларын орындамау деректерді жоғалту немесе
фотокамераның немесе жад картасының зақымдалуына əкелуі мүмкін.
• Жад картасының түіспелеріне саусақпен немесе металл заттармен
тимеңіз.
•
Майыстырылуы, түсіп қалуы немесе қатты соққы алуына жол бермеңіз.
• Жад картасын салу кезінде күш қолданбаңыз. Осы сақтық
шараларын орындамау жад картасының зақымдануына əкелуі
мүмкін.
• Судың, жоғары ылғалдылықтың немесе күннің тік сəулелері əсеріне
ұшыратпаңыз.
• Жад карталарын компьютерде пішімдемеңіз.
A Жазудан қорғау ажыратқышы
SD жад карталары деректердің
абайсызда жоғалуына жол бермеу үшін
жазудан қорғау ажыратқышымен
жабдықталған. Осы ажыратқыш
«құлыптаулы» күйінде тұрған кезде, жад
картасын пішімдеу жəне фотосуреттерді
өшіру немесе жазу мүмкін болмайды
(ысырманы босатуға тырыссаңыз мониторда ескерту көрінеді). Жад
картасының құлпын ашу үшін қосқышты «жазу» күйіне сырғытыңыз.
Жазудан қорғау
ажыратқышы
16
GB










