Қолданушы нұсқаулығы
21
X
D Батарея жəне зарядтау құрылғысы
Осы нұсқаулықтың x–xii жəне 335–338 беттерінде берілген
ескертулер мен сақтық шараларын оқып, оларды орындаңыз.
Батареяны айнала температурасы 0 °C төмен немесе 40 °C жоғары
болғанда пайдаланбаңыз; осы сақтық шарасын орындамау,
батареяның зақымдалуына немесе оның өнімділігінің нашарлауына
əкелуі мүмкін. 0 °C мен 15 °C жəне 45 °C мен 60 °C аралығындағы
температураларда батарея сыйымдылығы азаюы жəне зарядтау
уақыты ұзаруы мүмкін.
Зарядтау кезінде
CHARGE шамы жылдам жыпылықтаса (секундына
шамамен сегіз рет), температура тиісті аралықта екенін тексеріп,
зарядтау құрылғысын токтан ажыратыңыз да, батареяны шығарып
алып, қайтадан салыңыз. Егер ақау жойылмаса, қолдануды дереу
тоқтатыңыз жəне батарея мен зарядттау құрылғысын өнімді сатып
алған дилеріңізге немесе Nikon компаниясының қызмет көрсету өкіліне
көрсетіңіз.
Зарядтау құрылғысының түйіспе тұстарын қысқа тұйықтамаңыз; осы
сақтық шарасын орындамау зарядтау құрылғысының шамадан тыс
қызуына жəне зақымдалуына əкелуі мүмкін. Зарядтау кезінде зарядтау
құрылғысын қозғамаңыз немесе батареяны ұстамаңыз. Осы сақтық
шарасын орындамау өте сирек жағдайларда батарея жартылай ғана
зарядталған кезде зарядтау құрылғысының зарядтаудың аяқталғанын
көрсетуіне əкелуі мүмкін. Зарядтауды қайта бастау үшін батареяны
алып, қайта салыңыз.
Зарядтау құрылғысын үйлесімді
батареялармен ғана пайдаланыңыз.
Пайдаланбаған кезде ашаны қуат көзінен суырып қойыңыз.










