Қолданушы нұсқаулығы
19
X
Батарея жəне жад картасын салыңыз
Батареяларды немесе жад карталарын салудың алдында қуат
ажыратқышын OFF күйіне бұраңыз.
1 Батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының қақпағын ашыңыз.
Ілмекті ағытыңыз (q) жəне (w) батарея
бөлімінің/жад картасы ұяшығының
қақпағын ашыңыз.
2 Батареяны салыңыз.
Батарея ілмегін бір жаққа басылған
күйде ұстау үшін батареяны пайдалана
отырып, батареяны көрсетілген бағытта
(q) салыңыз. Батарея толық салынған
кезде ілмек батареяны орнында бекітеді
(w).
D Батареяларды жəне жад карталарын салу жəне шығарып алу
Батареяларды немесе жад карталарын салу немесе шығарып алудын
алдында фотокамераны əрдайым өшіріңіз.
A Жад картасы жоқ
Зарядталған EN-EL14a батареясы бар жəне
салынған жад картасы жоқ фотокамера
өшірілген күйде болғанда, басқару панелінде
жəне көріністапқышта S көрсетіледі.
Батарея ілмегі










