Қолданушы нұсқаулығы

367
n
Батареяның жарамды мерзімі
Толық зарядталған EN-EL14a батареясымен түсіруге болатын
суреттер саны батареяның жағдайына, температураға жəне
фотокамераны пайдалану əдісіне қарай өзгеріп отырады. Үлгі
сандар төменде берілген.
•CIPA стандартты
1
: Шамамен 1400 рет түсіру
•Nikon стандартты
2
: Шамамен 2900 рет түсіру
1 Мына сынақ жағдайларында AF-S NIKKOR 50 мм f/1.8G (Special
Edition) объективімен, 23 °C (±2 °C) деңгейінде өлшенген: объектив
шексіздік деңгейден ең аз ауқымға өтеді жəне 30 с сайын бір
фотосурет бір рет əдепкі баптаулар бойынша түсіріледі. Тікелей
көрініс пайдаланылмайды.
2 Мына сынақ жағдайында, AF-S NIKKOR 50 мм f/1.8G (Special Edition)
объективімен 20 °C градуста өлшенген. Кескін сапасы JPEG
стандартты, кескін өлшемі M (орташа), ысырма жылдамдығы
1
/250 с,
ысырманы босату түймешігі үш секунд жартылай басылғанда жəне
фокус шексіздіктен ең аз ауқымға үш рет ауысқанда; содан кейін алты
сурет бірінен кейін бірі түсірілген жəне монитор бес секундқа
қосылып, содан кейін сөндірілген; цикл күту режимінің таймері
аяқталғанда қайта қайталанады.
Келесі əрекеттер батареяның жарамды мерзімін қысқартуы
мүмкін:
Мониторды пайдалану
Ысырманы босату түймешігі жартылай басып ұстап тұру
Автофокус амалын қайталай беру
NEF (RAW) немесе TIFF (RGB) фотосуреттерін түсіру
Баяу ысырма жылдамдықтары
GP-1 немесе GP-1A GPS құрылғысын пайдалану
Eye-Fi картасын қолдану
WU-1a сымсыз мобильді адаптерін немесе WR-R10/WR-1
сымсыз қашықтан басқару бөліктерін пайдалану
ДА (дірілді азайту) режимін ДА объективтерімен пайдалану
Қайта зарядталмалы
Nikon EN-EL14a батареяларын барынша
пайдалану үшін:
Батарея түйіспелерін таза ұстаңыз. Ластанған түйіспелер
батарея жұмысын нашарлатуы мүмкін.
Батареяларды зарядтап болғаннан кейін бірден
пайдаланыңыз. Батареялар қолданылмаса, зарядын
жоғалтады.