Қолданушы нұсқаулығы
362
n
A Қолдауға ие стандарттар
• DCF 2.0 нұсқасы: Design Rule for Camera File System
(Фотокамераның файлдық жүйесіне арналған жобалық ереже) (DCF)
фотокамералардың түрлі маркалары арасында үйлесімділікті
қамтамасыз ету үшін сандық фотокамера саласында кең
пайдаланылатын стандарт болып табылады.
•DPOF: Digital Print Order Format (Сандық баспаға тапсырыс беру
пішімі) (DPOF) суреттерді жад картасында сақталған баспа ретін
сақтап басып шығару мүмкіндігін беретін, осы саланың кең
қолданылатын стандарты болып табылады.
• Exif 2.3 нұсқасы: Фотокамера Exif (Exchangeable Image File Format
for Digital Still Cameras (Сандық фотокамераға арналған кескін
файлдарының өзара алмасымды пішімі)) 2.3 нұсқасына қолдау
көрсетеді, бұл стандарт бойынша фотосуреттермен бірге сақталған
мəлімет, кескіндер Exif стандартымен үйлесімді принтерлерде
шығарылған кезде оңтайлы түс репродукциясы үшін пайдаланылады.
•PictBridge: Сандық фотокамера жəне принтер шығару салаларының
бірлесіп жасаған жұмысының нəтижесінде пайда болған жəне
суреттерді компьютерге көшірмей, тікелей принтерге
жіберуге
мүмкіндік беретін стандарт.
• HDMI: High-Definition Multimedia Interface HDMI үйлесімді
құрылғыларға бір кабель арқылы дыбыс пен бейне деректерді жəне
бақылау сигналдарын тасымалдай алатын, тұрмыстық электроника
жəне дыбыс/бейне құрылғыларында пайдаланылатын,
мультимедиалық интерфейстерге арналған стандарт болып
табылады.
A Сауда белгісіне қатысты ақпарат
Mac OS жəне OS X атаулары Apple Inc. компаниясының Құрама
Штаттардағы жəне/немесе басқа елдердегі тіркелген сауда белгілері
болып табылады. Microsoft, Windows жəне Windows Vista атаулары
Microsoft корпорациясының Құрама Штаттардағы жəне/немесе басқа
елдердегі тіркелген сауда белгілері немесе сауда белгілері болып
табылады. PictBridge сауда белгісі болып табылады. SD, SDHC жəне
SDXC ендері SD-3C, LLC компаниясының сауда белгілері болып
табылады. HDMI, HDMI ені жəне High-Definition Multimedia Interface
атауы HDMI Licensing LLC компаниясының
сауда белгілері немесе
тіркелген сауда белгілері болып табылады.
Nikon өнімімен берілген осы нұсқаулықта немесе басқа құжаттамада
аталған барлық басқа сауда белгілері тиісті иелерінің сауда белгілері
немесе тіркелген сауда белгілері болып табылады.










