Қолданушы нұсқаулығы

361
n
D Объективке күтім жасау
Бленда орнатылған кезде, объективті немесе фотокамераны тек
блендасынан ұстап көтермеңіз немесе ұстап жүрмеңіз.
Микропроцессор түйіспелерін таза күйде ұстаңыз.
Объективті орнатуға арналған резеңке нығыздағышқа зақым келсе,
пайдалануды дереу тоқтатып, Nikon уəкілетті қызмет көрсету
орталығына жөндету үшін апарыңыз.
Объектив үстіндегі шаң-тозаңдарды тазалау үшін ауа үргішті
пайдаланыңыз. Дақтар мен
саусақ іздерін кетіру үшін жұмсақ, таза
мақта матаға немесе объектив тазалайтын матаға аздаған этанол
немесе объективті тазалау сұйықтығын құйыңыз жəне ортасынан
шеттеріне қарай айналдыра отрып, жарқыраған іздер қалдырмауға
немесе əйнекті саусақпен ұстамауға тырысып, тазалаңыз.
Объективті тазалау үшін бояу сұйылтқышы немесе бензин сияқты
органикалық ерітінділерді ешқашан пайдаланбаңыз.
Объективтің алдыңғы элементін қорғау
үшін бленданы немесе NC
сүзгілерін пайдалануға болады.
Объективті жұмсақ қабының ішіне салар алдында алдыңғы жəне
артқы қақпақтарды орындарына салыңыз.
Егер объективті ұзақ уақыт бойы пайдаланбасаңыз, зең жəне тот
басуға жол бермеу үшін оны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз. Күн
түсетін немесе нафталиннен немесе камфарадан жасалған
дөңгелектер бар жерде сақтамаңыз.
Объективті
құрғақ күйде сақтаңыз. Ішкі механизмді тот басса,
жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Объективті өте ыстық жерлерде қалдыру қатты пластмассадан
жасалған бөлшектерді зақымдауы немесе деформациялауы мүмкін.
A Бірге жеткізілген керек-жарақтар
58 мм тағылатын алдыңғы объектив қақпағы LC-58
Объективтің артқы LF-4 қақпағы
CL-1013 ыңғайлы объектив сөмкесі
HB-47 байонет блендасы (көрсетілгендей жалғанады)
A Қосымша керек-жарақтар
58 мм бұралатын сүзгілер