Қолданушы нұсқаулығы

18
X
Алғашқы қадамдар
Фотокамера бауын тағыңыз
Бауды фотокамераның тесіктеріне мықтап тағыңыз.
Батареяны зарядтау
Фотокамераға EN-EL14a қайта зарядталмалы литий-ионды
батареясы (қамтамасыз етілген) қуат береді. Суретке түсіру
уақытын барынша көп ету үшін пайдалану алдында батареяны
қамтамасыз етілген MH-24 зарядтау құрылғысында зарядтаңыз.
Егер ашалы адаптер бірге жеткізілген болса, қабырғадағы
розеткаға тығылатын ашаны көтеріп, батареяны салыңыз жəне
ашаны розеткаға қосыңыз.
Заряды таусылғанда батареяны толығымен зарядтау үшін
шамамен бір сағат жəне 50 минут қажет. Зарядтау аяқталғаннан
кейін зарядтау құрылғысын розеткадан ажыратыңыз жəне
батареяны алыңыз.
D Батареяны зарядтау
Батареяны айнала температурасы 5 °C–35 °C жететін бөлмелерде
зарядтаңыз. Температура 0 °C төмен немесе 60 °C жоғары болса
батарея зарядталмайды.
Батарея зарядталуда
Зарядтау аяқталды