Қолданушы нұсқаулығы
344
n
Фотосуретті өңдеу мүмкін емес: фотосуретті осы фотокамера арқылы
əрі қарай өңдеу мүмкін емес (0 289).
Қарау үшін ешбір қолжетімді кескін жоқ деген хабар көрсетіледі: All
(Барлығы) параметрін Playback folder (Ойнату қалтасы) (0 230) үшін
таңдаңыз.
Басып шығару ретін өзгерту мүмкін емес:
• Жад картасы толық: суреттерді өшіріңіз (0 35, 203).
• Жад картасы құлыпталған (0 22).
Фотосуреттерді
басып шығару мүмкін емес: NEF (RAW) немесе TIFF
фотосуреттерін USB қосылымы арқылы тікелей басып шығару мүмкін
емес. Фотосуреттерді компьютерге жіберіп, ViewNX 2 (жинаққа кіреді)
немесе Capture NX 2 (бөлек сатылады; 0 325) арқылы басып
шығарыңыз. NEF (RAW) фотосуреттерін NEF (RAW) processing (NEF
(RAW) өңдеу) (0 300) көмегімен JPEG пішімінде сақтауға болады.
Фотосурет ажыратымдылығы жоғары видео құрылғыларда
бейнеленбейді: HDMI сымының (жеке сатылады) қосылғанына көз
жеткізіңіз (0 222).
Фотокамера HDMI-CEC теледидарлық қашықтан басқару
құралына
жауап бермейді:
• Параметрлер мəзіріндегі HDMI > Device control (Құрылғыны басқару)
параметрін On (Қосу) қалпына қойыңыз (0 223).
• Теледидарға арналған HDMI-CEC баптауларын құрылғымен бірге
келген құжатта сипатталғандай өзгертіңіз.
Фотосуреттерді компьютерге тасымалдау мүмкін емес:
Фотокамерамен үйлесімсіз АЖ немесе тасымалдау бағдарламалық
жасақтамасы пайдаланылған. Фотосуреттерді компьютерге көшіру үшін
картридерді пайдаланыңыз (0 325).
Фотосуреттер Capture NX 2 бағдарламасында көрсетілмейді: соңғы
нұсқасына дейін
жаңартыңыз (0 325).
Capture NX 2-дегі Кескіндегі тозаң іздерін кетіру функциясы
күткендей əсер бермейді: кескін сенсорын тазалағанда, төменгі
жиіліктер сүзгісінің орны ауысады. Кескін сенсорын тазалау алдында
жазылған тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін, кескін сенсорын
тазалап болғаннан кейін түсірілген фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін
емес. Кескін сенсорын тазалағаннан кейін жазылған кескіндегі тозаң
іздерін кетіру анықтамалық
деректерін, кескін сенсорын тазалағанға
дейін түсірілген фотосуреттер үшін пайдалану мүмкін емес (0 275).
Компьютер NEF (RAW) пішіміндегі кескіндерді фотокамерамен
салыстырғанда басқаша көрсетеді
: үшінші тарап бағдарламалық
жасақтамасы Picture Controls немесе Active D-Lighting əсерлерін көрсетпейді.
ViewNX 2 (бірге жеткізіледі) немесе Capture NX 2 (бөлек сатылады) тəрізді
қосымша Nikon бағдарламалық жасақтамасын пайдаланыңыз.










