Қолданушы нұсқаулығы

342
n
Фокустау нүктесін таңдау мүмкін емес:
Фокустау ауыстырғышының құлпын ашу (0 64).
АФ аумағының режимі үшін АФ аумағын автоматты түрде таңдау (0 62)
немесе бет басымдығы бар АФ (0 177) таңдалған: басқа режимді таңдаңыз.
Фотокамера ойнату режимінде (0 185) немесе мəзірлер қолданыста
(0 224).
Күту режимінің таймерін іске қосу үшін ысырманы босату түймешігін
жартылай
басыңыз (0 33).
АФ аумағының режимін таңдау мүмкін емес: Қолмен реттелетін фокус
таңдалған (0 68, 183).
Кескін өлшемін өзгерту мүмкін емес: Image quality (Кескін сапасы) NEF
(RAW) (0 55) қалпына қойылған.
Фотокамера фотосуреттерді баяу жазады: ұзақ экспозиция бұрмалануын
азайту параметрін қосыңыз (0 242).
Фотосуреттерде бұрмалану (жарық нүктелер, кездейсоқ орналасқан
жарық нүктелер, түстердің əркелкілігі немесе сызықтар) пайда болады:
Төменгі ISO сезімталдықты таңдаңыз немесе жоғары ISO бұрмалануды
азайтуды пайдаланыңыз (0 70, 242).
Ысырма жылдамдығы 1 секундтан аз: бұрмалануды азайтуды
пайдаланыңыз (0 242).
Бұрмалану əсерлері жоғары болмауы үшін Қосылған D-Lighting функциясын
өшіріңіз (0 110).
Фотосуреттерде дақ пайда болады: объективтің алдыңғы жəне артқы
элементтерін тазалаңыз. Егер ақаулық қайталанса, кескін сенсорын
тазалаңыз (0 329).
Түстері табиғи емес:
Жарық көзіне сəйкестендіру үшін ақ түс балансын реттеңіз (0 81).
Set Picture Control (Picture Control орнату) параметрлерін реттеңіз
(0 100).
Ақ түс балансын өлшеу мүмкін емес: нысан өте күңгірт немесе өте жарық
(0 92).
Алдын-ала орнатылған ақ түс балансы үшін суретті бастапқы сурет
ретінде таңдау мүмкін емес: кескін Df көмегімен жасалмаған (0 96).
Ақ түс балансының брекетингі қол жетімді емес:
NEF (RAW) немесе NEF+JPEG кескін сапасының параметрі кескін сапасы
үшін таңдалған (0 55, 141).
Бірнеше экспозиция режимі қолданылып тұр (0 155).
Picture Control əсері əр суретте əр түрлі болады: анық ету, контраст немесе
қанығу параметрлері үшін A (авто) таңдалған. Қатарынан түсірілетін бірнеше
фотосуретте бірдей нəтижелерге қол жеткізу үшін басқа параметрді таңдаңыз
(0 103).
Өлшеуді өзгерту мүмкін емес: автоэкспозиция құлпы қолданылып тұр
(0 77).