Қолданушы нұсқаулығы
340
n
Ақауларды жою
Егер фотокамера қажетті түрде жұмыс істемесе, ресми өкілмен
немесе Nikon уəкілетті өкілімен хабарласпай тұрып, төменде
берілген жиі кездесетін ақаулардың тізімін қараңыз.
Батарея/Дисплей
Фотокамера қосулы, бірақ жауап бермейді: жазу аяқталғанша күтіңіз.
Егер ақау қайталанса, фотокамераны сөндіріңіз. Егер фотокамера
өшірілмесе, батареясын алып, қайта салыңыз, егер АТ адаптерін
пайдалансаңыз, АТ адаптерін ажыратып, қайта қосыңыз. Ағымдағы кез
келген жазылып жатқан деректердің жойылатынын ескеріңіз, бірақ
əлдеқашан жазылған деректерге қуат көзін ажырату əсер етпейді.
Көріністапқыш фокуста емес: көріністапқыш фокусын
реттеңіз немесе
қосымша окулярды түзету объективтерін пайдаланыңыз (0 28, 324).
Көріністапқыш күңгірт болып тұр: толық зарядталған батареяны
салыңыз (0 18, 29).
Дисплейлер ешбір ескертусіз сөнеді: c2 (Standby timer (Күту
режимінің таймері)) немесе c4 (Monitor off delay (Мониторды өшіруді
кешіктіру)) қолданушы параметрі үшін ұзақ кідірісті таңдаңыз (0 251,
253).
Басқару панелі мен көріністапқыш жауап бермейді жəне күңгірт
тартып тұр: осы дисплейлердің жауап
беретін уақыттары мен
жарықтылық параметрі, температураға байланыс əр түрлі болуы мүмкін.
Белсенді фокус нүктесінің айналасында анық сызықтар көрінеді
немесе фокус нүктесі белгіленгенде дисплей қызыл түспен көрінеді:
аталған құбылыстар осы көріністапқыштың түрі үшін қалыпты болып
саналады жəне ақау барын білдірмейді.










