Қолданушы нұсқаулығы
337
n
Мониторға қатысты ескертпе: монитор өте жоғары дəлдікпен жасалған;
нүктелерінің кемінде 99,99%-ы жұмыс істейді, 0,01%-дан көп емес бөлігі
жетіспейді немесе ақаулы болып табылады. Бұл дисплейлердің
құрамында үнемі жанып тұруы (ақ, қызыл, көк немесе жасыл) немесе
үнемі сөндірулі (қара) тұратын нүктелер бар болғандықтан, бұл ақаулық
емес жəне құрылғы жазатын кескіндерге əсер етпейді.
Монитордағы
суреттерді қатты жарық астында көру қиын болуы мүмкін.
Мониторды күшпен баспаңыз, себебі оған зақым келуі немесе ақау пайда
болуы мүмкін. Монитордағы шаң-тозаңды ауа үргішпен тазалауға
болады. Дақтарды жұмсақ шүберекпен немесе былғары терімен баппен
сүртіп тазалауға болады. Монитор сынып қалса, əйнек сынықтарынан
жарақат алмау жəне монитордағы сұйық кристал теріге тимеу
немесе көз
бен ауызға кіріп кетпеуі үшін сақ болу қажет.
Батареялар: дұрыс пайдаланылмаса, батареялар ағуы немесе жарылуы
мүмкін. Батареяларды пайдаланған кезде мына сақтық шараларын
сақтаңыз:
• Осы құрылғыда пайдалану үшін рұқсат етілген батареяларды ғана
пайдаланыңыз.
• Батареяны отқа салмаңыз немесе қатты қызуға тигізбеңіз.
• Батареяның түйіспелерін таза ұстаңыз.
• Батареясын ауыстыру алдында құрылғыны
сөндіріңіз.
• Фотокамераны пайдаланбаған кезде батареясын фотокамерадан
немесе зарядтағыштан алыңыз жəне ағытпасының қақпағын орнына
салыңыз. Бұл құрылғылар сөндірулі тұрған кезде де шамалы заряд
алады жəне батареяның қуатын батарея жарамсыз болғанша азайтуы
мүмкін. Егер батареяны біраз уақыт пайдаланбасаңыз, фотокамераға
салып, қоршаған орта температурасы 15 °C–25 °C (ыстық немесе өте
салқын жерлерді таңдамаңыз) аралығындағы жерде сақтау
үшін
алардың алдында, қуаты таусылғанша пайдаланыңыз. Осы əрекетті
кем дегенде алты ай сайын бір рет қайталаңыз.
• Батареяның қуаты толық таусылған кезде фотокамераны қайта-қайта
қосу немесе сөндіру, батареяның қолданыс мерзімін қысқартады.
Заряды əбден таусылған батареяларды пайдалану алдында зарядтау
керек.
• Батарея пайдаланылған кезде батареяның ішкі температурасы
көтерілуі мүмкін. Ішкі температурасы
жоғары кезде батареяны зарядтау
əрекеті батареяның жұмысына əсер етеді жəне батарея зарядталмауы
немесе тек жартылай зарядталуы мүмкін. Зарядтау алдында
батареяның салқындауын күтіңіз.










