Қолданушы нұсқаулығы
336
n
Тазалау: фотокамера корпусын тазалаған кезде, шаң-тозаңды баппен
тазалау үшін ауа үргішті пайдаланыңыз, содан кейін жұмсақ, əрі құрғақ
шүберекпен абайлап сүртіңіз. Фотокамераны жағажайда немесе теңіз
жағасында пайдаланғаннан кейін, құм немесе тұз түйірлерін аздап таза
суға малынған шүберекпен сүртіңіз, содан кейін фотокамераның толық
кебуін күтіңіз. Кей жағдайларда, статикалық электр тогы СКД
дисплейлердің
жануын немесе күңгірттенуін тудыруы мүмкін. Бұл ақау
емес жəне дисплей көп ұзамай өз қалпына келеді.
Объектив пен айна оңай зақымдалады. Шаң-тозаңды ауа үргішпен
баппен ғана тазалау қажет. Аэрозольды үргішті пайдаланған кезде
сұйықтығы төгілмеуі үшін сауытын тік ұстаңыз. Объективтегі саусақ
іздерін немесе басқа дақтарды кетіру үшін жұмсақ шүберекке объективті
тазалағыш
сұйықтықтан шамалы құйып, объективті мұқият сүртіңіз.
Төменгі жиіліктер сүзгісін тазалауға қатысты ақпаратты «Төменгі
жиіліктер сүзгісі» (0 329, 331) тармағынан қараңыз.
Объектив түйіспелері: объектив түйіспелерін таза ұстаңыз.
Ысырманың пердесін ұстамаңыз: ысырманың пердесі өте жұқа жəне
тез зақымдалады. Ешбір жағдайда пердеге күш салмау, оны тазалағыш
құралдармен түртпеу керек немесе оған ауа үргіштен шығатын қатты ауа
ағысын бағыттамау қажет. Бұл əрекеттер перденің сызылуына,
деформациялануына немесе жыртылуына əкелуі мүмкін.
Сақтау: зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны құрғақ,
жақсы желдетілетін жерде сақтаңыз. Егер АТ адаптерін пайдалансаңыз,
өрттен сақтау үшін адаптерді суырыңыз. Егер өнімді ұзақ уақыт бойы
пайдаланбасаңыз, батареяның ағуына жол бермеу үшін алып қойыңыз
жəне фотокамераны ылғал
тартқышы бар пластик қалтада сақтаңыз.
Дегенмен, фотокамера қабын пластик қалтада сақтамаңыз, себебі бұл
материалдың бұзылуына əкелуі мүмкін. Ылғал тартқыш ылғалды сіңіру
барысында өз мүмкіндігін баяу жоғалтатынын жəне оны уақытылы
ауыстыру қажет екенін ескеріңіз.
Зеңнің пайда болуына жол бермеу үшін фотокамераны сақталған
жерінен кемінде, айына бір рет шығарып тұрыңыз. Фотокамераны
қосыңыз жəне
оны қайта салмай тұрып, ысырмасын бірнеше рет
босатыңыз.
Батареяны салқын, əрі құрғақ жерде сақтаңыз. Батареяны басқа жерде
сақтау алдында, ағытпаның қақпағын орнына салыңыз.










