Қолданушы нұсқаулығы
335
n
Фотокамерағаға жəне
батареяға күтім көрсету:
сақтық шаралары
Құлатып алмаңыз: қатты соққыға немесе діріл əсеріне ұшыраса, өнім
дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Құрғақ күйде ұстаңыз: бұл өнім суға төзімді емес жəне суға батырылса
немесе ылғалдылығы жоғары жерде болса, дұрыс істемеуі мүмкін. Ішкі
механизмнің тоттануы жөндеуге келмейтін зақымға əкелуі мүмкін.
Кенет температура өзгерісіне ұшыратпау керек: салқын кезде
жылумен қамтамасыз етілген ғимаратқа
кіретін немесе шығатын кезде
пайда болатын температураның кенет өзгерістері құрылғы ішінде
конденсаттың пайда болуына əкелуі мүмкін. Конденсаттың пайда
болуына жол бермеу үшін температуранының кенет өзгерісі əсер етпей
тұрып, құрылғыны тасымалдау сөмкесіне немесе пластик қалтаға
салыңыз.
Күшті магнит өрістерінен алыс ұстаңыз: бұл құрылғыны күшті
электрмагнитті сəулелену немесе магниттік өрістер шығаратын
жабдықтың
қасында пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз. Радио
таратқыштар сияқты жабдық шығаратын күшті статикалық зарядтар
немесе магниттік өрістер мониторға кедергі келтіруі, жад картасында
сақталған деректерді зақымдауы немесе өнімнің ішкі тізбегіне əсер етуі
мүмкін.
Объективті күнге қаратып қоймаңыз: объективті ұзақ уақыт бойы күнге
немесе басқа күшті жарық көзіне бағытталған күйде қалдырмаңыз. Қатты
жарық кескін сенсоры
жұмысының нашарлауына əкелуі немесе
фотосуреттерде ақ түсті бұлдырату əсерін тудыруы мүмкін.
Қуат көзінен алу немесе ағыту алдында құрылғыны сөндіріңіз: өнім
қосулы немесе кескіндер жазылып немесе өшіріліп жатқан кезде өнімді
қуат көзінен ағытпаңыз немесе батареясын алмаңыз. Осындай
жағдайларда қуатты күштеп ажырату деректердің жоғалуына немесе
өнім жадының немесе ішкі тізбектің зақымдалуына əкелуі
мүмкін. Қуаттың
кенеттен үзіліп қалмауы үшін өнімді бір жерден екінші жерге АТ адаптері
жалғаулы тұрғанда апаруға əрекеттенбеңіз.










