Қолданушы нұсқаулығы
331
n
❚❚ Қолмен тазалау
Егер төменгі жиіліктер сүзгісінен қоқысты баптау мəзірінің Clean
image sensor (Кескін сенсорын тазалау) параметрі арқылы
тазалау мүмкін болмаса (0 329), сүзгіні төменде айтылғандай
қолмен тазалауға болады. Дегенмен, сүзгінің өте нəзік екенін
жəне оңай зақымдалатынын ескеріңіз. Nikon компаниясы сүзгіні
тек Nikon уəкілетті қызмет көрсету маманына тазалаттыруды
ұсынады.
1 Батареяны зарядтаңыз немесе АТ адаптерін
жалғаңыз.
Төменгі жиіліктер сүзгісін тексергенде немесе тазалағанда
сенімді қуат көзі қажет. Фотокамераны сөндіріп, толық
зарядталған батареяны салыңыз немесе қосымша АТ
адаптері мен қуат жалғағышын қосыңыз. Lock mirror up for
cleaning (Тазалау үшін айнаны көтеруді құлыптау)
параметрі тек орнату мəзірінде батарея деңгейі H мəнінен
жоғары болғанда қол жетімді болады.
2 Объективті алыңыз.
Фотокамераны өшіріп, объективті алыңыз.
D Кескін сенсорын тазалау
Іске қосу кезінде фотокамераны басқару тетіктерін пайдалану кескін
сенсорын тазалауды үзеді.
Тазалау төменгі жиіліктер сүзгісі дірілдеген кезде орындалады.
Егер
Clean image sensor (Кескін сенсорын тазалау) мəзіріндегі
параметрлер арқылы тозаңды толық алып тастау мүмкін болмаса,
кескін сенсорын қолмен тазалаңыз немесе Nikon уəкілетті қызмет
көрсету өкіліне хабарласыңыз.
Егер кескін сенсорын тазалау қатарынан бірнеше рет орындалса,
фотокамераның ішкі тізбегін қорғау үшін кескін сенсорын тазалау
уақытша ажыратылуы мүмкін.
Шамалы уақыт күткеннен кейін қайта
тазалауға болады.










