Қолданушы нұсқаулығы

326
n
Қуат жалғағышын жəне АТ адаптерін
жалғау
Қосымша қуат жалғағышы мен АТ адаптерін жалғау алдында
фотокамераны өшіріңіз.
1 Фотокамераны
дайындаңыз.
Батарея бөлімінің/жад картасы
ұяшығының (q) жəне қуат
жалғағышының (w)
қақпақтарын ашыңыз.
2 EP-5A қуат жалғағышын
салыңыз.
Батарея ілмегінің бір жағы
басулы тұру үшін жалғағыш
арқылы көрсетілген бағытта
жалғағышты салуды
ұмытпаңыз. Жалғағыш толық
салынған кезде ілмек
жалғағышты орнында ұстайды.
3 Батарея бөлімінің/жад
картасы ұяшығының
қақпағын жабыңыз.
Қуат жалғағышының кабелін
қуат жалғағышының ұяшығы
арқылы өтетін етіп қойыңыз
жəне батарея бөлімінің/жад картасының ұяшығының
қақпағын жабыңыз.