Қолданушы нұсқаулығы
324
n
Көріністапқыш
окулярының
керек-
жарақтары
• Резеңке көзүсті қалқан DK-19
: DK-19 көріністапқыштағы
суретті көзді шаршатпай оңай қарауға мүмкіндік береді.
• Көріністапқыш окулярының реттегіш линзасы DK-17C
:
əр түрлі көру қабілетін реттеу үшін –3, –2, 0, +1 жəне +2 м
–1
диоптриялы көріністапқыш линзалары қол жетімді.
Диоптрияны реттеу линзаларын кірістірілген диоптрияны
реттеу тетігімен қажетті фокусқа қол жеткізу мүмкін
болмағанда ғана (–3 – +1 м
–1
аралығында) пайдаланыңыз.
Қажетті фокусқа қол жеткізу үшін сатып алу алдында
диоптрияны түзету линзаларын тексеріп алыңыз.
• Ұлғайтқыш окуляр DK-17M: DK-17M көріністі
көріністапқыш арқылы шамамен 1,2 × есеге жақтау
кезінде күштірек нақтылық үшін үлкейтеді.
• Окуляр ұлғайтқышы DG-2: DG-2 көріністапқыштың
ортасындағы көріністі, фокусты барынша нақтылау
үшін үлкейтеді. DK-18 окуляр адаптері (бөлек
сатылады) қажет.
• Окуляр адаптері DK-18: DK-18 үлгісі DG-2 үлкейткішін
немесе DR-3 оң жақ бұрышты қарау құралын Df-ке
қосқанда пайдаланылады.
• Булануға қарсы қорғанысы бар DK-14/Булануға
қарсы
қорғанысы бар окуляр DK-17A: осы
көріністапқыш окулярлары ылғалды немесе суық
кездерде буланудан қорғайды.
• Тік бұрышпен қарау жалғанбасы DR-5/Тік
бұрышпен қарау жалғанбасы DR-4: DR-5 жəне DR-4
көріністапқыштың окулярына дұрыс бұрыш жасап
қосылады да, фотокамера көлденең қалыпта сурет
түсіріп тұрғанда көріністапқыштағы суретті жоғарыдан
қарауға мүмкіндік береді. DR-5 диоптрияны реттеуге
көмектеседі жəне көріністапқыш арқылы көрінетін
көріністі, жақтауға
алу кезінде барынша нақты ету үшін
2 × есеге үлкейтеді (көріністі үлкейткен кезде кадрдың
жиектері көрінбейтінін ескеріңіз).
Корпус
қақпағы
Корпус қақпағы BF-1B/Корпус қақпағы BF-1A: корпус
қақпағы объектив орнында болмаған кезде айнаны,
көріністапқыштың экранын жəне төменгі жиіліктер
сүзгісін шаңнан таза ұстайды.
Сымсыз
мобильді
адаптерлер
Сымсыз мобильді адаптер WU-1a: фотокамера мен
Wireless Mobile Utility іске қосылған смарт құрылғылар
арасында екі жақты байланысты қолдайды. Суретке
қашықтан түсіру немесе бар суреттерді смарт құрылғыға
жүктеу үшін Wireless Mobile Utility бағдарламасын
қолданыңыз.










