Қолданушы нұсқаулығы
323
n
Басқа керек-жарақтар
Жазылу уақытында мына керек-жарақтар Df үшін қол жетімді
болған.
Елдің немесе аймақтың түріне қарай қолжетімділігі əр түрлі болуы мүмкін. Ең
соңғы ақпаратты біздің каталогтарымыздан немесе веб-сайтымыздан
қараңыз.
Қуат көздері
• Қайта зарядталмалы литий-ионды EN-EL14a
батареясы
(
0
18, 19): EN-EL14 батареяларын да
пайдалануға болады. Қосымша EN-EL14a батареяларын
жергілікті дилер орталықтарынан жəне Nikon уəкілетті
қызмет көрсету орталықтарында сатылады.
•MH-24 зарядтау Құрылғысы (0 18): EN-EL14a жəне
EN-EL14 батареяларын қайта зарядтаңыз.
• EP-5A қуат жалғағышы, EH-5b АТ адаптері: Бұл
керек-жарақтарды фотокамераны ұзақ уақыт бойы қосу
үшін пайдалануға болады (EH-5a жəне EH-5 АТ
адаптерлерін де пайдалануға болады). EP-5A
фотокамераны EH-5b бөлігіне қосу үшін қажет;
мəліметтерді 326-беттен қараңыз.
Кабель
босатқыштар
AR-3 кабель босатқышы: Тар жерде немесе төмен
жарықтың астында тұрғанда фотокамераның дірілдеуіне
жол бермеу үшін босату ұяшығына тағылады.
Сүзгілер
• Арнайы əсерлер көмегімен сурет түсіруге мүмкіндік
беретін сүзгілер автофокустау əрекетіне немесе
электрондық қашықтықты өлшегіш жұмысына кедергі
келтіруі мүмкін.
• Сызықтық поляризациялау сүзгілерін Df үлгісімен бірге
пайдалану мүмкін емес. Оның орнына C-PL немесе
C-PL II дөңгелек поляризациялық сүзгілерін
пайдаланыңыз.
• Объективті қорғау үшін NC сүзгілерін пайдаланыңыз.
• Кескіннің қосарлануына жол бермеу үшін нысан
жақтауға қатты жарық астында
алынған кезде немесе
жақтау ішінде қатты жарық көзі бар кезде, сүзгі
пайдаланбаған жөн.
• Ортасы бойынша өлшенген экспозицияның өзгеру
еселігі (сүзгі еселігі) 1 × (Y44, Y48, Y52, O56, R60, X0,
X1, C-PL, ND2S, ND4, ND4S, ND8, ND8S, ND400, A2,
A12, B2, B8, B12) асатын сүзгілермен пайдалануға
кеңес етіледі. Мəліметтерді сүзгі нұсқаулығынан
қараңыз.










