Қолданушы нұсқаулығы

310
U
4 Түс ауқымын белгілеңіз.
Таңдалған түс үшін түс
ауқымын белгілеу үшін негізгі
басқару дискін бұраңыз.
5 Түс ауқымын таңдаңыз.
Соңғы фотосуретте болатын
реңктерге ұқсас реңктер
ауқымын кеңейту немесе
кішірейту үшін 1 немесе 3
түймешігін басыңыз. 1 жəне 7
аралығындағы мəндерден
таңдаңыз; жоғары мəндерде басқа түстердің реңктері болуы
мүмкін екенін ескеріңіз. Əсерді өңдеу дисплейінде алдын-ала
қарауға болады.
6 Қосымша түстерді
таңдаңыз.
Қосымша түстерді таңдау үшін
дисплейдің үстіндегі үш түс
жолағының біреуін белгілеу
үшін негізгі басқару дискін
бұраңыз жəне басқа түсті таңдау үшін 3–5 қадамдарын
қайталаңыз. Қажет болса, үшінші түс үшін қайталаңыз.
Белгіленген түс таңдауын алып тастау үшін O түймешігін
басыңыз немесе барлық түстерді алу үшін O түймешігін
басып тұрыңыз. Растау тілқатысу терезесі көрсетіледі;
Yes (Иə) жауабын таңдаңыз.
7 Өңделген көшірмені
сақтаңыз.
Фотосуретті көшіру үшін J
түймешігін басыңыз.
Түс ауқымы