Қолданушы нұсқаулығы

298
U
2 Бірінші кескінді таңдаңыз.
Үстіне қабаттаудағы бірінші
фотосуретті белгілеу үшін
мульти селекторды
пайдаланыңыз. Белгіленген
суретті толық өлшемде қарау
үшін X (T) түймешігін басып,
ұстап тұрыңыз. Белгіленген фотосуретті таңдау жəне алдын-ала
қарау дисплейіне оралу үшін J түймешігін басыңыз.
3 Екінші суретті таңдаңыз.
Таңдалған кескін Image 1 (1-кескін) ретінде көрсетіледі. Image 2
(2-кескін) параметрін белгілеп, J түймешігін басыңыз, содан
кейін 2-қадамда сипатталғандай екінші фотосуретті таңдаңыз.
4 Күшейтуді реттеңіз.
Image 1 (1-кескін) немесе
Image 2 (2-кескін) параметрін
белгілеңіз жəне 0,1 жəне 2,0
арасындағы мəндерден күшеюді
таңдау үшін 1 немесе 3
түймешігін басып үстіне қабаттау
экспозициясын оңтайландырыңыз. Екінші кескін үшін
қайталаңыз. Əдепкі мəн 1,0; жартылай алу үшін 0,5 мəнін, ал екі
еселеу үшін 2,0 мəнін таңдаңыз. Əсерлерін Preview (Алдын ала
қарау) бағанынан көруге болады.
5 Үстіне қабаттауды алдын-
ала қараңыз.
Меңзерді Preview (Алдын-ала
қарау) бағанына қою үшін 4
немесе 2 түймешігін басыңыз
жəне Overlay (Үстіне қабаттау)
тармағын белгілеу үшін 1
немесе 3 түймешігін басыңыз. Оң жақта көрсетілгендей үстіне
қабаттауды алдын-ала қарау үшін J түймешігін басыңыз
(алдын-ала қарауды көрсетпей үстіне қабаттауды сақтау үшін
Save (Сақтау) параметрін таңдаңыз). 4-қадамға
оралып, жаңа
фотосуреттерді таңдау немесе күшейту параметрін реттеу үшін
W (M) түймешігін басыңыз.