Қолданушы нұсқаулығы
292
U
Бұл параметр жарқыл беретін «қызыл көз əсерін» түзету үшін
пайдаланылады жəне жарқыл арқылы түсірілген фотосуреттерде
ғана қол жетімді болады. Қызыл көз əсерін түзету үшін таңдалған
фотосуретті өңдеу дисплейінде алдын-ала қарауға болады.
Қызыл көз əсерін түзету əсерлерін растаңыз жəне мына кестеде
сипатталғандай көшірме жасаңыз. Қызыл көз əсерін түзетудің
үнемі күтілетін нəтижелерді бермеуі жəне қызыл көз əсері
тимеген кескін бөліктеріне өте сирек жағдайларда қолданылуы
мүмкін екенін ескеріңіз; жалғастырмас бұрын алдын-ала қарауды
мұқият тексеріңіз.
Red-Еye Correction (Қызыл көз
əсерін түзету)
G түймешігі ➜ N өңдеу мəзірі
Əрекет Пайдалану Сипаттама
Ұлғайту X (T)
Ұлғайту үшін X (T) түймешігін, кішірейту
үшін W (M) түймешігін басыңыз. Фотосурет
ұлғайтылған кезде, суреттің мониторда
көрінбейтін аумақтарын қарау үшін мульти
селекторды пайдаланыңыз. Кадрдың басқа
аумақтарына жылдам өту үшін мульти
селекторды басып тұрыңыз. Ұлғайту
түймешіктері немесе мульти селектор
басылған кезде, шарлау терезесі көрінеді;
мониторда көруге болатын аумақ сары
жиекпен белгіленеді. Масштабтаудан шығу
үшін J түймешігін басыңыз.
Кішірейту W (M)
Кескіннің
өзге
аумақтарын
қарау
Ұлғайтуды
тоқтату
J
Көшірме
жасау
J
Егер фотокамера таңдалған фотосуреттен
қызыл көзді анықтаса, оның əсерлерін азайту
мақсатында өңделген көшірме жасалады.
Егер фотокамера қызыл көз əсерін анықтай
алмаса, ешқандай көшірме жасалмайды.










