Қолданушы нұсқаулығы
285
U
Бұл параметр фотокамераға Eye-Fi жад картасы (үшінші тарап
өндірушілерінен бөлек алынады) салынған болса ғана
көрсетіледі. Фотосуреттерді алдын ала таңдалған орынға жүктеу
үшін Enable (Қосу) параметрін таңдаңыз. Сигнал күші жеткіліксіз
болса, суреттердің жүктелмейтінін ескеріңіз.
Сымсыз құрылғыларға қатысты барлық жергілікті заңдарды
сақтаңыз жəне сымсыз құрылғыларды пайдалану тыйым
салынған жерлерде Disable (Ажырату) пəрменін таңдаңыз.
Eye-Fi
картасы салынған кезде, оның күйі
ақпараттық дисплейдегі белгіше арқылы
көрсетіледі:
• d: Eye-Fi картасына жүктеу ажыратылған.
• e: Eye-Fi картасына жүктеу мүмкіндігі
қосылған, бірақ жүктеуге болатын суреттер
жоқ.
• f (статикалық): Eye-Fi жүктеу мүмкіндігі қосылған; жүктеудің
басталуы күтілуде.
• f (жанданған): Eye-Fi картасына жүктеу қосылған; деректер
жүктелуде.
• g : Қате — фотокамера Eye-Fi картасын басқара алмайды. Егер
басқару панелінде немесе көріністапқышта жыпылықтайтын
W пайда болса, 349;-бетті қараңыз; егер осы индикатор
жыпылықтап тұрмаса, суреттерді əдеттегідей түсіруге болады,
бірақ Eye-Fi параметрлерін өзгерту мүмкін болмауы мүмкін.
Eye-Fi Upload (Eye-Fi
картасына жүктеу)
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі










