Қолданушы нұсқаулығы
282
U
Фотокамераның еңкейту сенсорынан алынған ақпарат негізінде
айналдыру жəне деңгей ақпаратын көрсетіңіз. Егер фотокамера
солға да, оңға да еңкейтілмесе, айналдыру анықтамалық сызығы
жасыл түспен көрсетіледі, егер фотокамера алға да, артқа да
еңкейтілмесе, дисплейдің ортасындағы нүкте жасыл түспен
жанады. Əр бөлім 5° тең.
Virtual Horizon (Виртуалды
көкжиек)
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі
Фотокамераның
деңгейі
Фотокамера солға
немесе оңға
еңкейтілген
Фотокамера алға
немесе артқа
еңкейтілген
D Фотокамераны еңкейту
Фотокамера алға немесе артқа сүйір бұрышпен еңкейтілгенде,
виртуалды көкжиек дисплейі дəл болмайды. Егер фотокамера
еңкейтуді өлшей алмаса, еңкейту мөлшері көрсетілмейді.
A Сонымен қатар келесіні қараңыз
Көріністапқышта айналдыру индикаторын қарау туралы ақпаратты f4
(Assign Fn button (Fn түймешігін тағайындау); 0 263, 265)
қолданушы параметрі бөлімінен қараңыз. Тікелей көріністе виртуалды
көкжиекті көрсету туралы ақпаратты 182-беттен қараңыз.










