Қолданушы нұсқаулығы
276
U
Тікелей көрініс режимінде флюоресцентті немесе сынапты шам
жарығы астында түсірген кезде жыпылықтау мен жолақтануды
азайтады. Фотокамераға дұрыс жиілікті автоматты түрде
таңдауға рұқсат ету үшін Auto (Авто) параметрін таңдаңыз
немесе жиілікті жергілікті айнымалы ток көзінің жиілігіне қолмен
сəйкестендіріңіз.
Уақыт белдеулерін өзгертіңіз, фотокамера сағатын орнатыңыз,
күннің көріну ретін таңдаңыз жəне жазғы уақытты қосыңыз
немесе өшіріңіз (0 27).
Flicker Reduction
(Жыпылықтауды азайту)
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі
A Flicker Reduction (Жыпылықтауды азайту)
Егер Auto (Авто) қажетті нəтижелерді бермесе жəне егер жергілікті
қуат көзінің жиілігін білмесеңіз, 50 жəне 60 Гц параметрлерінің екеуін де
тексеріп, ең жақсы нəтижелерді беретінін таңдаңыз. Нысан тым жарық
болса, жыпылықтауды азайту қалаған нəтижелерді бермеуі мүмкін, бұл
жағдайда кішірек апертураны (жоғарырақ f саны) таңдаған жөн болады.
Time Zone and Date (Уақыт
белдеуі жəне күн)
G түймешігі ➜ B баптау мəзірі
Параметр Сипаттама
Time zone
(Уақыт
белдеуі)
Уақыт белдеуін таңдаңыз. Фотокамера сағаты жаңа
уақыт белдеуіндегі уақытқа сай автоматты түрде
орнатылады.
Date and time
(Күн жəне
уақыт)
Фотокамера сағатын орнатыңыз. Сағат орнатылмаса,
ақпараттық дисплейде жыпылықтайтын Y белгішесі
пайда болады.
Date format
(Күн пішімі)
Күннің, айдың жəне жылдың көріну ретін таңдаңыз.
Daylight
saving time
(Жазғы уақыт)
Жазғы уақытты қосыңыз немесе өшіріңіз
. Фотокамера
сағаты өздігінен бір сағат алға немесе бір сағат артқа
ауысады. Əдепкі параметр Off (Өшірулі).










