Қолданушы нұсқаулығы

275
U
3 Шаң-тозаңды кетіру анықтамалық дерегін алыңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректерін алу
үшін ысырманы босату түймешігін жартылай басыңыз.
Ысырманы босату түймешігі басылғанда монитор сөнеді.
Егер нысан нашар жарықтандырылған болса, бұрмалануды
азайту əрекеті орындалатынын жəне оның жазу уақытын
арттыратынын ескеріңіз.
Егер анықтамалық нысан тым жарық
немесе тым күңгірт болса, фотокамера
кескіндегі тозаң іздерін кетіру
анықтамалық деректерін ала
алмауы
мүмкін, бұл жағдайда оң жақта
көрсетілген хабар көрсетіледі. Басқа
анықтамалық нысанды таңдаңыз жəне
үдерісті 1-қадамнан бастап қайталаңыз.
D Кескін сенсорын тазалау
Кескін сенсорын тазалау алдында жазылған тозаң іздерін кетіру
анықтамалық деректерін, кескін сенсорын тазалау аяқталғаннан кейін
түсірілген фотосуреттермен пайдалану мүмкін емес. Clean sensor and
then start (Сенсорды тазалап, бастау) параметрін кескіндегі тозаң
іздерін кетіру анықтамалық деректерін бар фотосуреттермен
пайдаланбаған кезде ғана таңдаңыз.
D Кескіндегі тозаң іздерін кетіру анықтамалық деректері
Ұқсас анықтамалық деректерді басқа обьектив
немесе басқа апертураны қолданып түсірген
фотосуреттерде пайдалануға болады.
Анықтамалық кескіндерді компьютерлік кескін
қарауға арналған бағдарламалық жасақтаманы
пайдаланып қарау мүмкін емес. Анықтамалық
кескіндерді фотокамерада қараған кезде
координаттық тор көрсетіледі.