Қолданушы нұсқаулығы

274
U
Capture NX 2 (бөлек сатылады; қосымша ақпарат алу үшін Capture NX 2
нұсқаулығын қараңыз) ішіндегі кескіндегі тозаң іздерін кетіру параметрінің
анықтамалық деректерін алыңыз.
Image Dust Off ref photo (Кескіндегі тозаң іздерін кетіруге арналған
сурет үлгісі) фотокамераға кірістірілген микропроцессоры бар объектив
бекітілген кезде ғана қол жетімді болады. Фокустық қашықтығы кемінде
50 мм, DX-емес объективті пайдалану ұсынылады. Масштабтау
объективін пайдаланған кезде, максималды ұлғайтуды
орнатыңыз.
1 Бастау параметрін таңдаңыз.
Келесі параметрлердің біреуін
белгілеп, J түймешігін басыңыз.
Кескіндегі тозаң іздерін кетіру
анықтамалық деректерін алмай
шығу үшін G түймешігін басыңыз.
•Start (Бастау): оң жақтағы хабар
көрсетіледі жəне көріністапқыш пен басқару
панелінде «rEF» жазуы пайда болады.
Clean sensor and then start (Сенсорды
тазалау жəне бастау): осы параметрді
кескін сенсорын жұмысты бастамай тұрып
тазалау үшін таңдаңыз. Оң жақтағы хабар
көрсетіледі жəне тазалау аяқталған кезде
көріністапқыш пен басқару панелінде «rEF»
жазуы пайда болады.
2 Біркелкі ақ түсті нысанды көріністапқыштағы жақтау
ішіне алыңыз.
Объективті жарығы жақсы, біркелкі ақ түсті нысаннан он
сантиметрдей қашықтықта орналастырып, көріністапқыштағы жақтау
ішіне тек нысанның өзін алыңыз, содан кейін ысырманы босату
түймешігін жартылай басыңыз.
Автофокус режимінде, фокус шексіздікке өздігінен орнатылады;
қолмен реттелетін фокус режимінде, фокусты шексіздікке қолмен
орнатыңыз.
Image Dust Off Ref Photo
(Кескіндегі тозаң іздерін
кетіруге арналған сурет үлгісі)
G түймешігі B баптау мəзірі