Қолданушы нұсқаулығы
255
U
Фотосурет түсірілген кезде, фотокамера
файл атын соңғы файл нөміріне бір санын
қосу арқылы жасайды. Бұл параметр жаңа
қалта жасалған, жад картасы пішімделген
немесе жаңа жад картасы фотокамераға
салынған кезде, файлдарды нөмірлеу соңғы
қолданылған саннан бастап жалғаса ма,
соны басқарады.
d7: File Number Sequence
(Файл нөмірінің реті)
G түймешігі ➜ A Қолданушы
параметрлерінің мəзірі
Параметр Сипаттама
On
(Қосулы)
Жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе
жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде,
файлдарды нөмірлеу соңғы қолданылған нөмірден немесе
ағымдағы қалтадағы ең үлкен файл нөмірінің қайсысы үлкен
болса, содан бастап жалғасады. Егер сурет ағымдағы
қалтада 9999 нөмірлі фотосурет бар кезде түсірілсе,
автоматты түрде жаңа қалта жасалады жəне файлдарды
нөмірлеу
қайтадан 0001-ден басталады.
Off
(Өшірулі)
Жаңа қалта жасалған, жад картасы пішімделген немесе
жаңа жад картасы фотокамераға салынған кезде,
файлдарды нөмірлеу 0001-ге қалпына келтіріледі. Сурет
ағымдағы қалтада 999 сурет бар кезде түсірілсе, жаңа
қалтаның автоматты түрде жасалатынын ескеріңіз.
Reset
(Қалпына
келтіру)
On (Қосулы) параметріндегідей, тек келесі түсірілген
фотосуретке файл нөмірі ағымдағы қалтадағы ең
үлкен
файл нөміріне бір санын қосу арқылы тағайындалады.
Қалта бос болса, файлдарды нөмірлеу 0001-ге қалпына
келтіріледі.
D File Number Sequence (Файл нөмірінің реті)
Ағымдағы қалта 999 нөмірлі болса жəне құрамында 999 фотосурет
немесе 9999 нөмірлі фотосурет болса, ысырманы босату түймешігі
ажыратылады жəне қосымша фотосуреттер түсірілмейді. Reset
(Қалпына келтіру) пəрменін d7 Қолданушы параметрлері (File number
sequence (Файл нөмірінің реті)) үшін таңдап, содан кейін ағымдық
жад картасын пішімдеңіз немесе жаңа жад картасын салыңыз.










