Қолданушы нұсқаулығы

240
U
Түс кеңістігі түс репродукциясы үшін қол жетімді түстер ауқымын
анықтайды. Басып шығарылатын немесе ешқандай өзгертусіз
«сол қалпында» пайдаланылатын фотосуреттер үшін sRGB
параметрін таңдаңыз. Adobe RGB түрінде кеңірек түс гаммасы
бар жəне фотокамерадан шыққаннан кейін кеңірек өңделетін
кескіндер үшін ұсынылады.
Color Space (Түс кеңістігі)
G түймешігі C суретке түсіру
мəзірі
A Түс кеңістігі
Түс кеңістіктері сандық кескін файлында түстер мен сандық мəндерді
білдіретін түстер мен сандық мəндер арасындағы сəйкестікті
айқындайды. sRGB түс кеңістігі кеңінен пайдаланылады, ал Adobe RGB
түс кеңістігі əдетте баспада жəне коммерциялық баспада
пайдаланылады. sRGB өзгеріссіз басып шығарылатын немесе түстерді
басқаруға қолдау көрсетпейтін бағдарламаларда қаралатын
фотосуреттерді түсірген кезде немесе кейбір тұрмыстық
принтерлердегі тікелей басып
шығару мүмкіндігі болып табылатын
ExifPrint арқылы немесе компьютерде басып шығару немесе киоскте
басып шығару немесе басқа коммерциялық басып шығару
қызметтерінде басып шығарылатын фотосуреттер түсірген кезде
қолданылғаны жөн. Adobe RGB фотосуреттерін осы параметрлер
арқылы да басып шығаруға болады, бірақ түстер онша жарқын
болмайды.
Adobe RGB түс кеңістігінде түсірілген JPEG пішіміндегі фотосуреттер
DCF стандартымен үйлесімді келеді; DCF стандартына қолдау
көрсететін бағдарламалар мен принтерлер қажетті түс кеңістігін
автоматты түрде таңдайды. Егер бағдарлама немесе құрылғы DCF
стандартына қолдау көрсетпесе, тиісті түс кеңістігін қолмен таңдаңыз.
Adobe RGB түс кеңістігінде түсірілген TIFF фотосуреттеріне, түс
басқару функциясына қолдау көрсететін бағдарламаларға дұрыс түс
кеңістігін автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беру үшін ICC түс
профайлы кірістірілген. Қосымша ақпарат алу үшін бағдарламамен
немесе
құрылғымен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
A Nikon бағдарламалық жасақтамасы
ViewNX 2 (бірге жеткізілген) жəне Capture NX 2 (бөлек сатылады) осы
фотокамера арқылы жасалған фотосуреттерді ашқан кезде дұрыс түс
кеңістігін автоматты түрде таңдайды.