Қолданушы нұсқаулығы

219
Q
4 Басып шығару параметрлерін
көрсетіңіз.
PictBridge басып шығару параметрлерін
көрсету үшін J түймешігін басыңыз.
5 Басып шығару параметрлерін реттеңіз.
Бет өлшемін, жиегін жəне уақыт белгісінің параметрлерін
216-бетте сипатталғандай таңдаңыз (егер таңдалған бет
өлшемі сурет нобайлары бар бет үшін тым кішкене болса,
ескерту хабары көрсетіледі).
6 Басып шығаруды бастаңыз.
Басып шығара бастау үшін Start printing
(Басып шығара бастау) пəрменін
таңдап, J түймешігін басыңыз. Барлық
көшірмелерді басып шығармай тұрып тоқтату үшін J
түймешігін басыңыз.
DPOF баспа ретін жасау: баспа жинағы
Қарау мəзіріндегі DPOF print order (DPOF баспа реті) параметрі
DPOF қолдауы бар PictBridge үйлесімді принтерлер жəне
құрылғылар үшін сандық «баспа реттерін» жасау үшін
пайдаланылады.
1 Қарау мəзіріндегі
DPOF print order
(DPOF баспа реті)
элементі үшін Select/
set (Таңдау/орнату)
пəрменін таңдаңыз.
G түймешігін басып,
қарау мəзіріндегі DPOF print order (DPOF баспа реті)
параметрін таңдаңыз. Select/set (Таңдау/орнату) пəрменін
белгілеп, 2 түймешігін басыңыз (баспа ретінен барлық
фотосуреттерді алу үшін Deselect all (Бəрінен таңдауды
алу) пəрменін таңдаңыз).
G түймешігі